Аудан әкімі ауылды аралады

Наурыз айының 14 жұлдызы күні аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев Шолаққорған ауылын ішнара аралап шықты. Аралаудағы мақсаты ауданға әкелінген ағаш көшеттерін отырғызатын орындарды көру және әрбір өткізілген сенбіліктердің қортындысын бақылау болатын. Апта сайын аудан көлемінде өткізілген сенбіліктер өз жемісін беруде.
Бұл жолы аудан басшысы Шолаққорған ауылының шетіндегі Созаққа шыға берістегі «Бір есек» каналының бойындағы жекеменшік кафелерге, Жеткіншек елді мекеніндегі жол қапталындағы күл қоқысы тазартылмаған үйлерге соғып кафе, үй иелеріне жолығып, қыс бойы жиналған қоқыстарын тезірек шығаруларын ескертті.