Әрбір үй бес түп көшеттен отырғызады

Осы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл, поселке әкімдері, ауданның мекеме –кәсіпорын басшыларының басын қосқан жиналыс өтті. Жиналыста негізінен ауыл, поселке аумағындағы, елді мекендер мен көше бойлары, әрбір жеке үйлер мен ғимараттар төңірегіндегі тазалық жұмыстары талқыланды. Өткен жылдың көктем айынан нақты қолға алынған тазалық жұмысы биылда ерте көктемнен қолға алынбақ. Сол себепті тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берілді. Алды бірнеше жылдан, кейінгісі биылғы қыс айларында жиналған күл-қоқыстарды шығару мәселесі жолға қойылатын болды. Сонымен қатар аудан басшысы әрбір жеке үйлерге өз үйлерінің төңірегіне бес түп ағаш көшеттерін отырғызуды міндеттеді.
Мақсат Қарғабай