Желтоқсан ардагерлерімен жүздесулер өтуде

Тәуелсіздік күніне орай  қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы мұражайда «Тәуелсіздік тұғырым» атты музыкалық кеш болып өтті. Кешке арнайы шақырылған желтоқсан көтерілісінің қаһармандары өздерінің сол жылдары көзімен көрген оқиғаларды әңгімелеп беруі тартымды болды. Сонымен қатар оқушылар 1986 жылдың желтоқсанын бейнелейтін  «Ызғарлы күндер ызғырығы» атты шағын көрініс көрсетті.