Бағдарлама халыққа түсіндірілді

Таяуда Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті. Мұндағы мақсат ұлттық компаниялардың акцияларына қарапайым азаматтардың қаржы салуына мүмкіндіктер жасау. Жиналысқа «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнау құбырыбасқармасы бас есепшісі М.Сайпов қатысып, өз кезегінде халыққа бұл бағдарламаның мән мағынасын түсінідірп берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетов қатысып, жүргізіп отырды.