В.С.Школьник ауданымызда болды

ImageОсы аптаның дүйсенбі күні Қазатомөнеркәсібі Ұлттық атом компаниясының Президенті В.С.Школьник ауданымызда іс сапармен болды. Оны аудан әкімі А.Аймұрзаев Таукент поселкесінде қарсы алды. Компания президенті аталған поселкедегі әлеуметтік нысандарды оралып көрді. Өндіріс басшылары және жұмысшылармен кездесті.Олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, нақты жауаптар берді.
Сол күні В.С.Школьник Қыземшек поселкесінде де болып, мектеп, балабақша, аурухананың аралап, жұмыстарымен танысты. Мұнан соң ол «Уанас» өндіріс орынында болып, жұмыс барысымен  танысты. Жұмысшылармен, өндіріс басшыларымен кездесіп, хабарлама жасап, уран саласында қазіргі жазды атқарылып жатқан шаруалармен хабардар етті.
Кездесу барысында поселке тұрғындары Г.Төлепова, Т.Николаевич, С.Губанова өтініш-тілектерін айтты. Компания президенті ұсыныстарға нақты жауаптар қайтарды.
Мұнан кейін бірқатар өндіріс жұмысшыларын марапаттап оларға заттай сыйлықтар табыс етті.
Компания басшысының іс-сапары барысында республикалық, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері бірге жүрді.

«Созақ үні»-ақпарат»