Бесік жасап елге таныла бастады

ImageЖурналистік сапармен Созақ ауданының Жуантөбе ауылына атбасын тіредік. Елді мекенді аралап, тыныс-тіршгілігімен таныстық. Ауылдағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте болған счәтімізде білім ұясының басшысы Ғалия Сейсенбиева тосын жаңалықты айтып, онда баруымызға мүмкіндік тудырды. Өзінің кешегі шәкірті Бағдат Лақбаев жаңалық ойлап тапқандығын мақтанышпен әрі қуана жеткізді. Өнертапқыштың жасаған дүниесін көзбен көрмек болып Лақбаевтың үйіне бардық. Бағдаттың әкесі Ибаділдә бізді қонақжай көңіл-күйде қарсы алып, бастап жүрді.Бөлменің ішкі жағына орналасқан ғажап тірлікті көріп, итаң-тамаша болдық. Кәдуілгі талбесікті екі жағынан қамтыттап, тербелгіш құрылғы орнатылған екен. Бесіктің жақтауына қондырғы орналасыпты. Жатқан баланың жылаған дыбысы шықса болды, ол тербеле бастайды да сәби ұйықтап тынышталса, ол қоя қояды. Өнертапқыш бауырымыз бұдан бөлек күбі, өзі ашылатын қақпа жасапты. Бәрі де кнопкамен атқарылады. Тек түймені бассаңыз болды, іске қосыла береді.
Бағдат жасаған электрондық бұйымдарын зияткерлік меншік құқығы комитеті ҰЗМИ-нің «Бесік» өтінімі бойынша қорытынды қаралғаны туралы және 24.02.2012 жылғы №12-3/310 инновациялық патент берілуі туралы шешімі қабылданған.
Өзара әңгіме барысындаөнертапқыш жігіт бесікке көптеген өтініштер түсе бастағанын айтты. Мүмкіндік болса қандастарымның барлығының тапсырысын орындауға тырысамын деді ол жылы жымиып.Image
Сонау шалғай ауданның елді мекенінде тұратын жаңалыққа жаны құмар азаматтың әлі талай дүниелерді ойлап табатындығына сенуге болады. Өйткені, ол өте ізденімпаз алғыр, алға қойған мақсатын орындамай тыным таппайтын жас. Шаңырағында болып жасаған жұмыстарымен танысқанда оған көз жеткіздік.
Алдағы уақытта көп жаңалықтар жасасам дейді ол ағынан жарылып. Әкесі Ибаділдә да баласының өнертапқыштық талабына үнемі қолдау білдіріп отырамын дейді. Анасы Нұргүл Есенгелдіқызы ұлының мектеп қабырғасында жүрген кезінде қуат көзімен (батереямен) жұмыс жасайтын кішкентай тікұшақ дайындағанын, оны достары қызықтап таң-тамаша болғандығын мақтанышпен айтты.
Бағдат Түркістандағы қазақ-түрік университеті жанындағы техникалық колледжді бітірген. Мамандығы-электродәнекерлеуші.Қазіргі таңда мұнай айдау стансасының Жуантөбе бөлімшесінде жұмыс істейді.Өнертапқыш азаматқа тағы да көптеген жаңалықтарыңмен қандастарыңды қуанта бер дейміз.
Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ,