Қайраттың қарымын байқады

2012 жыл спорт үшін шежіреге бай жыл, олимпиада, футболдан европа чемпионатының финалдық ойыны өтетін тарихи жыл. Шалғайдағы Созақ спортын үшін де есте қалар жыл болмақ. Себебі Алматы облысы Талғар ауданында  кезінде даңықты «Қайрат» футбол командасының белді ойыншысы болған Асан Кариевті еске алуға арналған 2000 жылы туылған балалар арасында жасөспірімдер арасындағы турнирге қатыстып қайтты. Ай сайын өтетін турнирлердің бірі ғой деп айтуға да болар еді, бірақ финалда кәдімгі қазақтың намысына баланған «Қайрат» футбол командасының ізбасарларымен кездлесіп терезесі тең өнер көрсетті. Арнайы шақыртумен барған Созақтық жасөспірімдер мен балалар футбол мектебі де қатысытп жүлделі екінші орынды иемденді. Қарағанды, Алматы, Шымкент, Тараз облыстарынан келген командалар төрт күн бойы, «ATHLETIC CUP» стадионында  күш сынасты.
Аттарынан ат үркейтін Атлетико, Қайрат, Алматы Юнайдет, Металлург сынды командалардың атын иемденген жасөспірімдер турнирдің тартысты өтуіне барынша атсалысып, бас жүлдеге таласы бар екенін көрсетті. «Б» тобында БЖФМ Созақ, Қайрат ФК, ДЮШС №3 Шу, ДФК Еңбек, командаларымен бірге күш сынасып, өз тобында Қайратқа ғана есе жіберген Созақтықтар топтан екінші орынмен шықты.
Жартылай финаллдық ойын «Асем Тау» спорттық сауықтыру комплексінде өтіп, аталған ойында алматылық Атлетико командасынан 9:3 есебімен басым түсті. Ал финалдық ойында Қайрат футбол командасының тікелей ізбасарларымен қайта жүздескен Созақ аудандық БЖФМ шәкірттері көрермендерге нағыз тартысты ойын үлгісін көрсетті. Дегенмен сәл ғана басымдық танытқан қайраттық ойыншылардың мерейі үстем болып осы турнирдің жеңімпазы атанды. Жекелеген шеберлігін көрсеткен жарыстың «үздік қорғаушысы» Аманәлі Қуандық, «үздік ойыншы» Бақытжан Мыңжасаров атанды. Сондай-ақ Созақауданы Балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің жаттықтырушысы Д. Садуақасов «жеңіске деген құштарлығы үшін» деген мақтау қағазымен марапатталды.
Алматыдан жүлде алып оралған созақтық футболшылар мәз мейрам. Жүлде алғанына емес, «Қайрат» футбол командасының ізбасарларымен тең ойын дәреждесін көрсеткеніне. Биік белестерден көрінгей дейміз біз де футболшыларға.