Аудан әкімінің халықпен кездесуі

ImageОсы аптаның сәрсенбі күні аудан әкімі А.Аймұрзаев Таукент поселкесінде болып, тұрғындармен кездесті. Жиында поселке әкімі Ш.Игіліков ашып, өткен 5 айда атқарылған жұмыстарды саралып айтып өтті. Поселкеде әжептеуір шаруалар атқарылған. Әйтсе де шешілуге тиісті бірқатар тірліктер бар екендігін жұртшылық жиын барысында ортаға салды.
Атап айтқанда, Жыныс елді мекеніндегі жолдың мәселесі, сол елді мекендегі мектептің жылу жүйесінің нашақорлығын, сондай-ақ, осы білім ұясының ауласынан терең құдық қазу керек екендігін алға тартты.
Поселке тұрғыны Ш.Ақәділов саяжайдан үй салған азаматтардың жарық пен судан қиындық көріп отырғандығын айтса, Көкбұлақ елді мекенінде де осындай қиындық көріп отырғандығын айтса, Көкбұлақ елді мекенінде де осындай қиындық бар екендігін тілге тиек етті.
Тиісті мекеме басшылары айтылған өтініш-ұсыныстарға тиісті жауаптар қайтарылды.
Аудан басшысы тұрғындармен болған іскерлік жиынында ұсыныстарды тыңдай келіп, айтылған мәселелердің шешімін табуы жұмыс жасалатындығын жеткізді.
Кездесу жиынын аудандық мәслихаттың депутаты Ш.Игіліков, поселкелік ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Кенжеханов, өндіріс басшысы Ж.Мәркенбаев мекеме басшылары, мектеп директорлары, аурухана бас дәрігерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
«Созақ үні»-ақпарат»