«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының Кезектен тыс XII конференциясы өтті.

Бүгінде еліміз береке мен бірлік тізгінін бекемдеп, дамудың даңғыл жолына түсті. Мұндағы Елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы жасампаздыңы, көрегендігі айқын. Осы міндеттерді жүзеге асыруда еліміздегі жетекші партия «Нұо Отан» ХДП-ның орны ерекше екендігі мәлім.
18 мамыр күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының кезектен тысXII конференциясы болды. Конференцияныфилиалдың төраға орынбасары Ж.Тәжбен жүргізіп отырды. Жұмыс төралқасы мен санақ комиссиясы сайланғаннан кейін Жаңабай Тәжбенұлының «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан-2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты тұғырнамасын жүзеге асыруда аумақтардағы партия филиалдарының ролі мен міндеттері туралы хабарламамы тыңдалды.
- «Нұр Отан» ХДП-ның 2011 жылғы 25 қарашадағы XIV съезінде қабылданған тұғырнаманы іске асыру түрлі экономикалы, әлеуметтік салаларда көрініс тауып келеді. Жылдан-жылға ел халқының партияға деген сенімі арта түсуде. Бүгінде әрбір жүзеге асырылып жатқан баянды бастамаларда билік партиясының қолтаңбасы айқын. Ендігі меже-халықтың игілігіне ұсынылған мемлекеттік бағдарламадарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру және оған атсалысу.
Мұнан кейін конференцияға арнайы келген «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева сөз салып, Теріскей жұртшылығына қашанда ықыласы ыстықекенін сездіріп, Елбасының сындарлы саясатын басшылыққа алған жетекші парияның мақсаттарын алға тартты.
Партия мүшесі, Шолаққорған ауыл әкімінің орынбасары Ж.Алпамысов екінші мәселе бойынша жуырда өтетін «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының конференциясына 13 делегеттың тізімін ұсынды. Бұл ұсыныс көпшіліктен қолдау тапты.
«Созақ үні»-ақпарат»