Депутат демеуші болды

1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне орай аудандық мәслихаттың депутаты Жақсыбергенов Райымбектің демеушілік етуімен аудандық қыздар арасындағы баскетболдан турнир өтті. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте өткен бұл турнирге Макаренко, Кеңесбаев, Рүстемов, Науайы мектептерінің құрама командалары және Мұратбаев мектебінен екі команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында мектеп директоры Г.Момбекова, депутат Р.Жақсыбергенов сөз алып жас жеткіншектерге Елбасымздың салиқалы саясаты, спорттың адам өміріне тигізетін әсерлері туралы тұщымды ойларын айтып, қоғамымызға жат, денсаулыққа зиянды нәрселерден аулақ болуға, спортты серік етуге шақырды.
Жеребе бойынша екі топқа бөлінген командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қорытындысында Мұратбаев-1, Мұратбаев-2, Рүстемов, Макаренко мектебінің командалары жартылай финалға жолдама алды. Ақтық сынға апаратын ойындарда Мұратбаев-1 командасы, Мұратбаев-2 командасын сан соқтырса, Рүстемов мектебінен келген қыздар соңғы сәтте Макаренко мектебінің командасынан жеңісті жұлып әкетті. Ал, үшінші орын үшін болған сайыста Макаренко мектебінің арулары Мұратбаев-2 колмандасынан басым екендіктерін танытып жүлделі үшінші орынды иеленді. Ақтық сынға дейін барлық қарсыластарын ірі есеппен ұтып, алқынбай жеткен Мұратбаев-1 командас Рүстемов мектебі қыздары тарапынан мықты тосқауылға тап болып жеңілістің ащы дәмін татты.
Қорытындысында Рүстемов мектебінің қыздары турнир жеңімпаздары атанып, арнайы кубокты иеленді. Турнирдің үздік ойыншыс ретінде Мұратбаев мектебі командасының мүшесі Нұрсәуле Нұрхан танылса, «Үздік шабуылшы» жүлдесімен Макаренко мектебінің ойыншысы Үмбетова Ақкенже марапатталды. Ал турнирдің «Үздік қорғаушысына» берілген жүлдені Рүстемов мектебінің ыкоманда мүшесі Әбдіқасым Әйгерім қажығасына байлады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қғаздарымен демеуші тарапынан белгіленген сыйлықтармен марапатталды.
С.Бегманова,
Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.