Халықаралық отбасы күніне орай

Шымқалада шығармашыл жанұялардың фестивалі өтті
Өткен аптада облыс әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссия мен ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Мөлдір бұлақтан...» республикалық отбасылық фестивалі аясында «Мен және менің бақытты отбасым» атты шығармашыл отбасылардың фестиваліне қатысып қайттық. Шымкент қаласындағы халықтар достығы үйін думанға бөлеген кештің беташар сөзін департаменттің директоры Ғалия Жүсіпова алып, бүгінгі атаулы күннің маңыздылығын атап өтті.
Отбасындағы ынтымақты арттыруға бағытталған игі шараға 8 үміткер жанұя ниет білдіріпті. Тұрсынбековтер (Арыс), Әлиевтер (Сайрам), Жеткеровтар (Төлеби), Әбішовтер (Түркістан), Бухановтар (Шардара), Серікбаевтар (Ордабасы), Шерхановтар (Шымкент) отбасындағы ұйысқан бірліктің үндесе сөз төгілткен өнерлі мүшелеріне сүйсінгендейсің.
Ауданымызға танымал Сағындықовтар отбасы күй күмбірін төгілткеннен-ақ көрермен ықыласы «Созаққа барсақ, күйшімін деме»деген М.Әуезовтен қалған ..... тегін айтылмағанын аңғартты. Бірі – қобы, бірі – домбыра, бірі – сылдырмақты үйлестірген ұжымның өнеріне күйге табынушылар ұзақ қол соғысты. Нәтижесіндt алғыс хатқа ие болды.
Фестиваль қорытындысында Әбішовтар отбасы бас жүлдені қанжығаларына байласа, бірінші жүлде Шерхановтар отбасына бұйырды. Жеткеравтар мен Бухановтардың отбасылары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
Марапаттарды облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе мен отбасылық әйелдер кеңесінің төрайымы Рысалат Ахметова тапсырды.
Дәулет Жүсіпов.