Сұрақ - Жауап


Сұрақ:

Құрметті Салыхан Сабырұлы! Сізге қоя сұрағым, А. Сүлейменов атындағы мектептің қосымша құрылысы қашан аяқталады?

  Жауап:

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы жылдың қараша айына дейін пайдалануға беріледі.



Сұрақ:

Сіздерге қояр сауалым, Шолаққорғанның төменгі ауылына таза ауыз су құбырлары тартылуда. Сол құбыр суын үйге кіргізуе бола ма?

 

  Жауап:

Әрине, болады. Біз көше бойына дейін су құбырын тартып береміз. Өз қалауыңыша алдағы уақытта су құбырын үй ауласына кіргізе аласыз.



Сұрақ:

Мен  Созақ ауданынның тұрғыны Сейсенбаева Гүлнұр Қайратқызы. Сауылым. 2008 жылы 24 қарашада халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатына есепке алынып тұрғын үй кезегіне тіркелгенмін. Шолаққорған ауылынан салынып жатқан 2 қабатты үйлерден ала- аламын ба?

  Жауап:

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан салынған 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үй 2018 жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер, педагогика және медицина саласы мамандарына деген қажеттілікті жою мақсатында салынған. Аудан әкімінің 2019 жылғы 4 шілдедегі №330 қаулысына сәйкес Шолаққорған ауылынан салынған 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлеріне, мұғалім, дәрігерлерге лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тұру үшін жекешелендіру құқығынсыз пайдалануға қызметтік тұрғын үй ретінде берілді. 
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңының 74 бабының 1-тармағына сәйкес мұқтаждар есебіндегі азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Сіз Сейсенбаева Гүлнұр Кәртайқызы 2008 жылы 24 қарашада халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатына есепке алынып тұрғын үй кезегіне тіркелгенсіз, бүгінгі таңда №29 кезекте тұрсыз. Алдағы уақытта кезегіңіз келген жағдайда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңына сәйкес тұрғын үймен қамтылатын боласыз.



Сұрақ:

Құрметті әкімдік қызметкерлері, биыл Созақ ауданының 90 жылдық торқалы тойы. Осыған орай, аудан көлемінде қандай іс шаралар атқарылады.

Құрметпен, аудан тұрғыны Берік.

  Жауап:

Құрметті Берік! Созақ ауданының 90 жылдық тойын атап өту туралы ісшара жоспары бекітілген. Ол Созақ ауданы газетінде жарияланды. Даталы күнді ауқымды атап өтеміз. Жергілікті газет журналдарға көз қырыңызды сала жүріңіз. 


 


Сұрақ:

Құрметті Салыхан Сабырұлы сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймын! Алдағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

Сізге сұрақ: аудан орталығы Шолаққорған ауылында 2011 жылы Тәуелсіздік саябағы салынады деген болатын. Сол әлі аяқталмады. Соны аяқтап, тез бітуіне көз қырыңызды салыңызшы.

 Құрметпен, ауыл тұрғыны Бауыржан Ормантаев

 

 Жауап:

Құрметті Бауырдан Ормантаев, сіз айтқан Тәуелсіздік алаңы, жер дауына байланысты біраздан бері тоқтап қалды. Биылғы жылы бұл саябақты бітіруге күш салатын боламыз


 

Сұрақ:
Құрметті аудан әкімі, Қазақ хандығының 550 жылдығы Астана мен Тараз қалаларында бүкіл ел болып тойладық. Созақ өңіріде, ежелгі қазақ хандығының тірегі болған тарихи аймақ. Демек, Қазақ хандығы туралы сөз болғанда Созақтың тарихын аттап өте алмаймыз.  Бұл шара ауданда кең көлемде қашан аталып өтеді.
Тарих пәнінің мұғалімі Нұрдәулет.

Жауап:

Құрметті Нұрдаулет!
Сұрағыңызға көп -  көп рахмет. Өте маңызды мәселені қойып отырсыз. Өткен жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол -  болашаққа бастар жол атты» Жолдауында, «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституциямыздың 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.
Осыған орай, мемлекетіміз үшін маңызды, даталы күнді бүкілхалық болып атап өту үшін, ҚР Үкіметінің 31 желтоқсан, 2014 жылы «2015 жыл қазақ хандығының 550-жылдығын дайындау және өткізу туралы» қаулысы шықты.
Бұл мерейлі мереке, өзіңіз айтқандай ел болып Елордамыз Астана мен ежелгі қала Таразда атап өттік. Бұл мәселеде аудан көлемінде жыл бойы аталып өтуде. Мереке аясында, ауылдар мен елді мекендерде мәдени шаралар, спорттың түр түрінен жарыстар, мектептерде тәрбие сағаттары өттсе, «Теріскей таланттары», «Мәдинетім мерейім» атты мәдени өнер фестивальдері ұйымдастырылды.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, құрамында зиялы қауым, жастар мен ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қамтыған, тарихты зерделеуді мақсат тұтқан топ жасақталып, аудан орталығында орналасқан Керей мен Жәнібек ханның ескерткішінен бастау алған танымдық экспедиция ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Экспедиция, «Хан мазарына», «Ақназар» ханның ескерткішіне, Ақбикеш мұнарасына сапар шегіп, Таңбала тасқа дейін барды. Мән зор шара, өскелең ұрпақ бойына патриоттықты сіңіріп, тарихымызды тануға зор ықпал ететіні сөзсіз. Міне бүгін, жыл бойы мереке аясында өткен,  тұтас еліміз тойлаған  мереке, 28 қазан күні «Ұла Дала елі» атты Қазақ хандығының 550 жылдық салтанатты шарамен қортындылайтын боламыз. Сол салтанатты жиынның құрметті қонағы болуға шақырамын.


Сұрақ:
Автор:Шолаққорған ауылының тұрғыны, Нұрәділ. Ассалаумағалейкум Масқат Шамансұрұлы, сіздің жаңа қызметке келіп, аудан әкімі болып тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Жаңа кәсіпкерлік орталығының ғимараты қашан ашылады. Жұмысы бітіп, халыққа қызмет көрсетілсе екен?


Жауап:
Уағалейкумассалам ! Жылы пікіріңізге рахмет. Кәсіпкерлік орталығы қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. Халықты қабылдап, бөлімнің өзіне қатысты кез-келген саласына жауап беруге әзір. Шілде айында облысымызда 75 нысан ашылу көздеуде, құдай қаласа сол кезде Кәсіпкерлік орталығы мен Созақ ауылына қарасты Көктөбе елді мекеніндегі 200 орындық Суындық жалпы орта мектебі ашылатын болады.


Сұрақ:
Автор: Нұрбедел Сыздықов
Ассалаумағалейкум құрметті  Аманғали Түктібайұлы мен Шымкент облысы Созақ ауданының Созақ ауылында тұрамын. Көп жылдан бері  теледидар көру үшін ресейдің тарелкасын пайдалануға мәжбүрміз. Өйткені жәй антенамен көру өте ыңғайсыз, себебі көрсететін каналдар сапасыз, әрі аз. Ал ресейдің спутниктік тарелкасымен қазақстандық каналдарды көре алмаймыз. Менің сұрағым – Созақ ауданында тегін отау тв қашан қосылады?


Жауап:


Сұрақ:
Тасты ауылында соғылып жатқан Балабақша қашан аяқталады?
Тасты ауылы тұрғыны  Сиқынбаев 05.09.2014 жыл


Жауап:
«Катко» БК демеушілігімен Тасты ауылында 50 орындық балабақша жұмыстары жүргізілуде.  Қараша айында пайдалануға берілітін болған. Алайда, күннің суып кетуі, құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізетін болғандықтан, құрылыс жұмысын тоқтатуға шешім қабылдадық. Келер жылы аяқталатын болады.



Сұрақ:
Аманғали Түктібайұлы  Бабата елді мекеніне су құбыры құрылысына су тазалағыг қондырғы қашан орнатылады. Бабата ауылының тұрғыны   Н. С 20.05.2014жыл


Жауап:
Бабата ауылдық су құбыры құрылысына мембранды су тазалағыш қондырғы арқылы шешу жолдары қарастырылуда.  Мембранды қондырғы орнатуға ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 1 000 000 тенге қаржы бөлініп, ЖСҚ дайындалды. Бабата ауылдық су құбыры суының кермектігіне байланысты ауыз су жүйесіне сағатына 15м3  таза су шығаратын  КРИ-РВС-П-15 модельді мембранды қондырғы орнатуға 20 072 172 (жиырма миллион жетпіс екі мың жүз жетпіс екі) тенге және қолданыстағы 3 ұңғықұдықтағы судың құрамында темірдің шекті нормадан жоғары болуына байланысты 15м3-тық судың құрамындағы темір қоспаларын жою қондырғысын орнатуға 9 100 000 (тоғыз миллион жүз мың) тенге, барлығы  29 172 172 (жиырма тоғыз миллион жүз жетпіс екі мың жүз жетпіс екі) тенге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, 2014 жылдың 29 қыркүйегінде конкурс жеңімпазы анықталды, конкурс жеңімпазы болып жеке кәсіпкер Жанпайызов Азамат танылды. Аталған кәсіпкермен бөлім арасында келісім-шарт жасалынып, 2014 жылдың қараша айында аталған қондырғыны орнату жұмыстары толықтай аяқталып, тұрғындарға 24 сағат таза ауыз су беріледі деп күтілуде.


Сұрақ:
Құрметті аудан әкімі, сізге бір сауалым бар  Қыземшек кентінен Орталық, Геологтар, Жастар көшелері , Созақ ауылынан Орталық алаңы, Өткелбаев пен Матенов көшелеріне жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?    10.04.2014


Жауап:
Қыземшек кентінен Орталық, Геологтар, Жастар көшелері , Созақ ауылынан Орталық алаңы, Өткелбаев пен Матенов көшелерінің қиылысқан жеріне дейін көшелері,  қиылысқан жеріне дейін көшелері жөнделді.


Сұрақ:
Құрметті аудан әкімі, А. Аймұрзаев Таукент кентінендегі Геологтар, Сатпаев, Ерімбетов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, себебі көлікпен жүру мүмкін емес.  Такент кентінің тұрғыны Н.Жолдасов 22.02.2014


Жауап:
Сіз атаған Таукент кентінен Геологтар , Сатпаев, Ерімбетов көшелерілері толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. 


Сұрақ.
12.11.2012 жыл Шолаққорған ауылының тұрғыны Т.Мұратұлы: Молдағұлова мектебі жаңа ғимаратқа көшірілсе,ескі мектептің ғимараты бұзылады-мыс. Ертең оның материалдары кімдерге беріледі?

Жауап:
Молдағұлова мектебінің ескі ғимаратын жөндеуден өткізіп 80 орынды балабақшаға айналдырамыз. Бұл іске қатысты тиісті сала басшыларына тапсырма берілді


Сұрақ.
03.11.2012 жыл. Жыныс ауылының тұрғыны Ш.Жылысбаев: Шу ауылына орнатылған күннен, желден энергия алатын қондырғыны Жыныс ауылына орнатуға болады ма?

Жауап:
Жыныс ауылына қойылатын күннен, желден энергия алатын қондырғыны Қытайдан әкеледі. Бұл жұмысқа «Катько» біріккен кәсіпорнын демеушілікке тартып отырмыз


Сұрақ.
17.09. 2012 жыл Раң ата ауылының тұрғыны Б.Қыздарбеков: Раң ата ауылына кіре беріс жолға асфальт төселеді ме? Күз, көктем айларында көлік пен жаяу қатынауға үлкен қиындық туғызып келеді?

Жауап:
Раң ата ауылына кіре беріс жолға асфальт төсеу жұмысының сметалық құжаттары дайындалып облыстық бюджетке ұсынылды.2013 жылы жұмысы басталып, сол жылы аяқталады


Сұрақ.
05.06.2012 жыл Шолаққорған ауылы Абай көшесінің тұрғыны Т.Тәжібаев: Абай көшесі орталыққа жақын көше болғанымен, көріктендіру шараларына енбей отыр.Осыған орай аудан әкімі тарапынан қандай жұмыстар атқарылатын болады?

Жауап:
Шолаққорған ауылындағы Абай көшесіне көріктендіру жұмыстары 2013 жылы басталады. Көше бойына су ағарлар, ағаш көшеттері отырғызылып, шамдар орнатылады, көшенің бас жағына ақын Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылатын болады. Ол үшін жобаның сметалық құжаттары әзірленуде. Демеушілерде табылып отыр


Сұрақ.
14.05.2012 жыл. Қарағұр ауылының тұрғыны Қ.Қостаншаев: Шаға ауылына кіре беріс жолға асфальт жол төселе ме?

Жауап:
Шаға ауылына кіре беріс жолға асфальт төсеу жұмысының сметалық құжаттары дайындалып облыстық бюджетке ұсынылды.
2013 жылы жұмысы басталып, сол жылы аяқталады.


Сұрақ.
12.04.2010 ж.Жартытөбе ауылының тұрғыны Қ. Шәлімбет:
«Жартытөбе ауылындағы таза су мәселесі қалай шешіліп жатыр?»

Жауап:
Жартытөбе ауылына таза су бағдарламасы бойынша су құбырларын жүргізуге облыстық бюджеттен биылғы жылға ақша қарастырылған, бүгінгі таңда нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Су құбырларын жүргізуді «Еңбек» Шымкент РМК тендерден жеңіп алып, жұмыс жүргізіп жатыр.


Сұрақ.
21.05.2010ж. Сызған ауылының тұрғыны Салманов Байырхан:
«Сызған ауылындағы Құрал Рүстемов және Қайнар елдімекеніндегі Макаренко мектептерінің құрылысы жөнінде не айтасыз?»

Жауап:
Аталған екі мектептің құрылысына облыстық бюджеттен ақша бөлінген. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Рүстемов мектебінің құрылыс жұмысын «ОБлШтаб ССО» ЖШС атқарып жатыр. Ал Қайнар елдімекеніңдегі Макаренко мектебінің құрылысын «Югстройсервис -Н» ЖШС тендерден жеңіп алды.


Сұрақ.
17.05.2010ж. Бабата елдімекенің тұрғыны Есбаева Гүлзат:
«Бабата елдімекенінде медпункт ашылады ма?»

Жауап:
Бабата елдімекенінде медпункт салуға тендрді «Қыпшақ» ЖШС жеңіп алды. Облыстық бюджеттен қаржы биылғы жылға бөлінген. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Сұрақ.
15.06.2010ж. Созақ ауылының тұрғындары Рашидов Ахмеджан тағы басқалар
«Адамның денсаулығы – байлығы. Келешекке нық қадам жасауда- болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі жарқын болсын десек, алдымен халықтың денсаулығын ойлау керектігін жақсы білеміз. Ауылда біз сияқты ауыл тұрғындарының игілігіне жарайтын, халыққа қызмет ететін емхананың керектігі кезек күттірмес мәселе болып отыр. Біздің ой осы ауылда емхана ғимаратының іргетасы қаланса, ауыл тұрғындары алысқа шапқыламай осы жерде емделсе деген үлкен бір үміт! Құрметті Созақбай Исаұлы осы мәселе жөнінде өз бастамаңызды жасап, ауыл тұрғындарының өтінішін қарасаңыз».

Жауап:
Созақ ауылында 25 орындық аурухананың іргетасы қаланып жатыр, арнайы облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, биыл мердігер фирма өз жұмысын бастап та кетті.