Image«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдараламасы аясында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінде «Халықтық кеңсе» ашылды. Онда, электронды түрде алынатын мемлекеттік қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал етеді.

Бүгінгі күнге дейін ауылдық округтері мен кенттері әкімдіктерінде және оған бағынысты мекемелерінде ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде.

            Аталған бұрыштардың жұмысын жандандыру мақсатында халықтық кеңседен де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» арнайы орын беріліп, «Бір терезе» қағидасында қызмет көрсетілуде. «Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтықты арттыруға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуына мүмкіндік береді.

            Аудан әкімдігіне қарасты жер қатынастары, ауыл шаруашылық, білім, дене шынықтыру және спорт, экономика және қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығының қызметтерін бір жерден алуға мүмкіндігі бар. Аталған бөлімдермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтінішпен келген аудан тұрғындарына кеңес беру арқылы қызмет көрсетуде. Бұрынғыдай әр мекемеге барып, кабинет іздеп жүрмейді. Барлығы осы жерде арнайы ұйымдастырылған.

            Сондықтан да, аудан тұрғындары аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге (түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы) дейін қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін аудан әкімдігі ғимаратаның бірінші қабатында орналасқан «Халықтық кеңсеге» келіп алуына болатындығын хабарлаймыз.

             Созақ ауданы әкімдігінің ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі.