ImageҚұрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал біз сізге бүгінгі #oqy&toqy айдарында бұл жайлы қысқаша ақпарат беретін боламыз.  

✅ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз;
✅Өзіңіз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз;
✅Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы брондаған кезегіңізді растап, элекронды талон алыңыз;
✅Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
✅Құжаттандыру секторына өтіңіз;
✅Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді;
✅Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.

✅ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі.
✅ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі.
✅16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті

✅Төленетін баж алымы:
Паспорт – 8  АЕК
Жеке куәлік – 0,2 АЕК

✅ Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады

❗️Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады.
1 жұмыс күні - 4983 тг
3 жұмыс күні - 2752 тг

❗️ Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектігін ескертеміз