ImageЕгер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы қалай алуға болады, Oqyp&Toqyp алыңыз!

✔️Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
✔️Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз
✔️Қызметке онлайн сұрау жасаңыз
✔️Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз
✔️Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз
✔️Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады
⏳Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс!
Онлайн болу оңай.