Image Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Ел басшысының бұл бастамасы түрлі салаларда қолдау тауып, көпшілік жылы қабылдады.

            Созақ ауданында мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдылары бойынша оқу курсынан өткен еріктілер, бүгінгі таңда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында келушілерге көмек көрсетуде.

            Аталмыш бастама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылуда.  

            Маусым айынан бастап, еріктілер, тұрғындарға электронды үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуға онлайн тапсырыстар беру, egov, telegrаm желісінде қызметтер алу, кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретуде.