ImageБүгін Түркістан қаласында әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құттықтау сөз сөйледі. «Жастардың елге деген жанашырлығын жоғары бағалаған өңір басшысы "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен,"Nur Otan" партиясының үйлестіруімен елімізде "Біз біргеміз" акциясы қолға алынды. Акция Түркістан облысында жоғары деңгейде өтіп жатыр. Игі істі жүзеге асыруда ерікті жастарымыз елге көмектесті. Карантинде де жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңізді Елбасы бағалап отыр. Отаншыл, мемлекетшіл азаматтар өздеріңіздей жалынды жастардың арасынан шығады",- деді.

            Осындай пандемия кезінде аудан халқына әлеуметтік көмек жасап, белсенді қызмет көрсеткен, Мақатаралдағы табиғи апатта облыста алғашқы болып қол ұшын созған Созақ аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Жеңісәлі Төлепбергенов пен аудандық «Value» ерікті жастар қозғалысының төрағасы Ербол Ержігітов, Елбасы Алғысхатын алды. Марапатты облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды.

            «Биыл президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» деп жариялады. Қалыптасқан дәстүрі бар созақтық еріктілер жыл басынан бері түрлі әлеуметтік шараларға белсене қатысты. Ауданда «Value» ерікті жастар қозғалысы құрылып, оның 300 астам мүшесі бар. Пандемия кезінде де, халыққа барынша көмек көрсетуге тырыстық»,- дейді «Value» ерікті жастар қозғалысының төрағасы Ербол Ержігітов.

            Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатын алған патриот жерлес жастарға ризашылығмызды білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.