Құрметті қызмет алушылар!
Бірде-бір ЖШС немесе ЖК-нің «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметіне қатысы жоқ екенін ескертеміз.
Тегін қызметтерді алу үшін бөгде адамдардың ақылы көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарында оңай ала аласыз. Электронды үкімет порталында, әлеуметтік желілерде және YouTube-желісінде мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың қарапайым жолдары көрсетілген бейнематериалдар бар. Оларды қарап шыққан соң онлайн-қызмет алудың өте жеңіл  екенін және күмәнді тұлғалардың көмегіне жүгініп, ақша төлеудің қажеті жоқ екенін түсінесіз.
Бөгде адамдарға өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді беру қауіпті және алаяқтық әрекеттерге алып келетінін ескертеміз.
Мемлекеттік қызметтерді өз бетіңізше алыңыз және өз деректеріңіздің қауіпсіздігіне сенімді болыңыз!