Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті

            ImageМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету қадамдарының бірі ретінде 21 қараша күні еліміз бойынша мемлекеттік органдарда Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді. Басты мақсат – билік органдарының азаматтардың нақты әлеуметтік проблемаларын шеше отырып, халықпен тікелей қатынас орнату.
Осыған орай,
Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов аудан тұрғындарын қабылдады. Арыз-шағымдарын арқалай келген тұрғындарды мұқият тыңдаған қала әкімі, сала басшыларына әрбір тұрғынның уәжіне назар салып, уақыт создырмай шешу керектігін тапсырды. Ашық есік күнініне келген тұрғындардың басым көпшілігі коммуналдық және ауылшаруашылық, жер мәселелерін көтерді. Таңғы сағат 9:00-ден басталған қабылдауға осы аудан бойынша 55 азамат жеке сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды. Қабылдау кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасты. Дәл осындай азаматтарды бірыңғай қабылдау күні қалаға қарасты ауыл және ауылдық округтерде өткізілді. Жалпы Созақ ауданы бойынша қала, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің қабылдауына - 115 нен астам азамат жазылған.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.