Image Бүгін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы азаматтарды мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

            Қоғамдық қабылдауға ауданның бірқатар ауылдарынан азаматтар келіп, жеке мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Атап айтқанда, Тайқоңыр елді мекенінің тұрғыны Ә.Дауылбаев мал ұрлығы, Шолаққорған ауылының тұрғыны А.Бұқарбаева материалдық көмек, Керімбай Айдана көмір алу, Дәмен Дәулет өлең жинағын шығарып беру, №1 колледж директоры Б.Қордашбеков жатақхана жайын салу мәселелерімен келді. Бірқатар азаматтардың мәселесі қабылдау кезінде-ақ шешілсе, бірқатар азаматтарға Мағауия Сексенбайұлы тиісті шешімдер қабылданып, өтініштер бойынша қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді, Мұнан бөлек, азаматтарға заңнама бойынша түсіндірмелер берілді. 

            Қабылдау кезінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханашысы Балтабекова Айман Ерубайқызы келіп, ауданымыздың 100 мүмкіндігі шектеулі азаматты аудандық “Sozaq uni” газетіне тегін жаздырып, демеушілік танытқаны үшін депутатқа алғысын жеткізді. 
Мұнан соң халық қалаулысы Созақ ауылында орналасқан №1 колледж жұмысымен танысты.

 

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.