Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ олар өз еркімен ерікті жарналар аударуға құқылы. Бұл үшін БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін салымшының өзі белгілейді