Зейнетақы қорында менің ерікті жарналар есебінен жинақ ақшам бар. Оны зейнет жасына жетпей ала аламын ба?

Ерікті зейнетақы жинақтарының артықшылығы сол, оны зейнет жасына толғанға дейін, яғни – 50 жастан бастап ала беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тан ерікті жарналар есебінен қалыптасқан жинақтарды алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)    алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)    алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Атап өту керек, салымшылардың бұл тобына мүгедек болып табылатын және

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосыла алады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын табысқа жатады.