Президент жолдауын жүзеге асыру мақсатында жиын өтті

          Image  Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты жиын өтті.

            Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Ермұханұлы Аманбаев, аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, аудандық мәслиахттың хатшысы Бегімбет Биімбетұлы Байғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары және аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

            Аталған шараны аудан басшысы Салыхан Полатов жүргізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттқа тоқталды.  Ахмет Байтұрсынов  атындағы жалпы орта мектебінің директоры Талғат Шаймерденовтің баяндама жасап, Жолдауда айтылған міндеттерге тоқталды. «Жолдаудың негізгі өзегі- қоғамның халықпен. Сонымен қатар саяси реформалар мен саяси бәсекелестікті дамыту жөнінде тұжырымдамалар ұсынды.         Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне баса ман берді»,- деді өз баяндамасында.  тоқталды. Жарыссөзге шыққан зиялы қауым өкілі, ақын Мыңжасар Асқаров азаматтық қоғам құру, ашықтық , халықпен кері байланыс бүгінгі қоғамның талабы. Енді Жолдаудағы тапсырмаларды іс жүзіне асыру міндеті тұр.- деді. Сондай-ақ, кәсіпкер Бибімәрия Досмағанбетқызы Тұрмаханова өз ойын ортаға салды.

            Салыхан Сабырұлы ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ, Ішкі саясат бөлімі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кешенді шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.

            Жиынды қорытындылаған облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-қайратты жұмсауға шақырды.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.