Арыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан азаматтармен тұрғындар марапатталды

Арыс қаласындағы Қызылорда облысы мен Созақ ауданына тиесілі 6 сектордағы құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуына байланысты «Арыс холл» мейрамханасында дастархан жайылып, жергілікті тұрғындарға ас берілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлының сөзйлеп, көмек қолын созған қызылорда облысымен Арыс қаласының тұрғындарына алғыс айтты. Төтенше жағдайға байланысты жарылыстың салдарынан қираған үйлер мен жеке секторларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің, облыстық маслихаттың, «Нұр Отан» партиясының, Созақ ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және Төлеби аудандық маслихатының грамотасымен арнайы марапаттады.

            ImageЖалпы, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша Қызылорда облысы мен Созақ ауданы 6 секторға жауапты болып, алғашқылардың бірі болып құрылыс жұмыстарын аяқтағалы отыр. 6 секторда 15 көше орналасқан, 15 комерциялық және әлеуметтік нысандар мен 268 тұрғын үйдің барлығы әртүрлі дәрежеде қалпына келтіріліп, тұрғындарға табысталды. Бұл жұмыстарға Қызылорда облысы 15 құрылыс компаниясынан 300-ге жуық құрылысшы, 5 техника жұмылдырған. Ауа-райының ыстығына қарамастан құрылысшылар қарқынды жұмыс жасап, қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар,  «Арыс, біз біргеміз» Республикалық акциясы аясында 14,5 тонна күріш, 10 тонна ұн,                5 тонна қарамұқ (гречка) және 1,5 тонна сүт яғни 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұдан бөлек, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардағы 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші 1 күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, зардап шеккендерге азаматтық қоғам институты өкілдері, кәсіпкерлер және жеке азаматтар да өз еркітерімен қолдау көрсетті. Жалпы Сыр жұртшылығымен Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде 68,0 млн қаражат аударды.

            Арыс тұрғындарын медициналық көмекпен қаматамасыз ету үшін  арнайы жасақталған аудандық аурухананың қызметкерлері бүгінгі таңға дейін жұмыс жасауда. Созақа удан тарапынан 2 камаз, 1 зил, 1 су тасығыш, 1 амкадор (жүк көтергіш), 2 газель, 1 жедел жәрдем көліктері  қоқыс шығаруға, тазалық жұмыстарына жұмылдырылды. Ауданнан ерікті тұрғындар апта сайын ауысып, кезең- кезеңімен жұмыс жасады.

Сондай-ақ арнайы жасақталған мамандар тарапынан қала тазалығына қатысып, залалсыздандыру, обаға қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізді. Апат зардабын көрген қала тұрғындарының мектеп жасындағы балаларының жазғы демалыстарын ұйымдастыру жұмыстары барысында, Қызылорда облысыда тыс қалмады, яғни Жаңақорған ауданындағы білім басқармасына қарасты облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында                         150 баланың демалуларына мүмкіндік туғызды.

6 сектордағы жұмыстарға жауапты ретінде облыстан бекітілген Созақ ауданының қызметкерлері күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың атаулы көмектерді алуына жағдай жасады.

Сонымен қатар, әр күн сайын 40 тоннаға жуық, жалпы                  15 көшеден 2,3 мың тоннадан астам құрылыс қалдықтарын, бей-берекет жиналған қоқыстарды шығарып, арнайы полигондарға жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.