Аудан әкімі «Адалдық сағатында» дәріс оқыды

Бүгін аудан әкімі Салыхан Сабырұлы, Шолаққорған ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіндегі 11 сынып оқушыларына «Адалдық сағаты» дәрісін оқыды.  Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған аудан басшысы, елімізде өткен жылдан бері «Адалдық жол» жобасы басталды-деді.  

           Image Бұл акцияның мақсаты мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру. Біз бүгінде – цифрлық технологиялардың, ақпараттың заманында өмір сүріп отырмыз. Цифрлы қоғамды дамыту, жемқорлықтың алдын- алу екенін ұмытпауымыз керек. Қызметтерді электрондық форматқа көшіру әкімшілік кедергілерді азайтып, адами факторлардың болуына жол бермейді. Мәселен, біздің ауданда соңғы жылдары көптеген қызмет түрлері электрондық форматқа ауысты. Мысалы, ауданда осы жылдың жарты жылдығында – 14 132 мемлекеттік қызмет көрсетілсе. Оның 11 564 қызмет электрондық түрде көрсетілді. Бұл электронды қызмет түрінің 66,6 пайызын құрап отыр,- деген өңір басшысы, мұның бәрі адамдардың бір- бірімен қарым- қатынасын азайтып, әкімшілік кедергілерді жойады,  жемқорлықты азайтады,- деді.

            Мектеп қабырғасындағы мына сіздер, ертең елдің ертеңісіздер. Араларыңыздан ел тізгінін ұстайтын азаматтар шығады. Сіздер білімді маман болсаңыздар,  кез- келген мекеме, жекелеген компаниялар ешкімнің көмегінсіз, жұмысқа алады. Қызметте өсесіздер. Ол үшін, оқу керек. Ағылшын тілін терең меңгеріп, заманға сай, сұранысқа ие маман болуларыңыз қажет.

            Аудан басшысы Салыхан сабырұлы оқушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап беріп,  пікірлерін тыңдады.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.