Соғылды алғашқы қоңырау

Image Бүгін аудандағы 35 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды. Аудан әкімі Салыxан Полатов А. Байтұрынов атындағы  жалпы орта мектебіне барып, ұстаздармен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 
            "Өскін ұрпаққа сапалы білім беру мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Халқымыз «Күш – білімде» деп бекер айтпаған. Дәл осы күннен бастап, болашақ ел тұтқасын ұстар азаматтың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Сондықтанда бұл күннің әрбір адам үшін маңызы зор. Ал олардың заманаға сай білімді болып өсуіне педагог мамандарының еңбегі ерен»,- деді, аудан басшысы. Құттықтау лебізін, мектептегі ата- аналар кеңесінің төрағасы Амалбек Мұсабеков жалғап, жаңа оқу жылында жаңа табыстар тіледі. 1 сыныпқа баратын мектеп оқушылары, алғашқы қоңырау соғып,  мектеп табылдырығын аттады. 

            Жалпы ауданда былтырғы оқу жылында 14514 оқушы білім алы, 689 оқушы мектеп бітірді. Оның 173-і мемлекеттік грант иегері атанды, 19 азамат облыс әкімінің грантына ие болды. Ал, биылғы оқу жылында 14 816  оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 1-сыныпқа 1424 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

 

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.