Жеке қабылдау өтті

ImageҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттіктігінің тапсырмасына сәйкес қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Таукент кентіде жеке қабылдау өтті. Кент әкімінің міндетін атқарушы М. Ибраев, ауыл ақсақалы О. Оңалбаевты қабылдап, көтерген мәселесін тыңдады. Ауыл ақсақалы «Күркіреуік» су тоғанына жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсынысын айтты. Сондай-ақ ауыл тұрғыны Б. Рахмишев кенттің орталық көшесіне асфальт жол төселсе деген ұсыныс білдірді. Өз кезегінде М. Ибраев «Күркіреуік» су тоғанына тиісті құжаттар әзірленіп, бюджетке қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар асфальт төсеуге байланысты сметалық құжаттар жасау жұмыстары жүргізілуде,- деп жауап берді. Туындаған мәселеге байланысты жеке қабылдау алдағы уақыттары кестеге сай өткізіліп тұрады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.