Созақ аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Созақ ауданының Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы аудан тұрғындарын төмендегідей ақпараттармен хабардар етеміз.

«Созақ ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Созақ аудандық маслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №222 шешімімен Қоғамдық кеңестің 21 мүшеден тұратын ІІ құрамы бекітілді. Төрағасы болып Созақ аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Аманбекұлы Еспенбетов, хатшысы болып Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Құралбекұлы Сағындық сайланған. Қоғамдық кеңесте «Ұйымдастыру комиссиясы», «Әлеуметтік, білім, денсаулық, жастар істері және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша комиссия», «Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері бойынша комиссия», «Ауылшаруашылық, жер  қатынастары және кәсіпкерлік мәселелер бойынша комиссия», «Құрылыс-сәулет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бойынша комиссия» сынды комиссиялар құрылып, өз салаларына қатысты жұмыстарды атқару үстінде.

            Қоғамдық Кеңестің 2019 жылдың 11 наурызында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкесІ жартыжылдықта 3 отырысы өткізілді. Аталмыш отырыстарда 20 мәселе қаралған. 2 мәселе Қоғамдық кеңестің ұйымдастыру мәселелеріне қатысты болса, 18-сі нормативті құқықтық актілердің жобаларын талқылау. Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау құзыретіне сәйкес Сызған ауылдық округінің әкімі Серік Мамановтың және Таукент кентінің әкімі Марат Оспановтың, Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаевтың, Созақ ауданы әкімі Салыхан Сабырұлы Полатовтың 2019 жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Есептер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алда атқаратын жұмыстар сараланды Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жұмыс барысында басшылыққа алу сұралды.

Қоғамдық кеңестің отырыстары алдында аудандық «Созақ үні» газетіне және әкімшілік сайттарына 10-күн бұрын хабарландырулар беріп, қортындысы бұхаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.

 

                        Созақ аудандық Қоғамдық

Кеңесінің хатшысы                                       Е.Сағындық