Созақтың бақша өнімдеріне ресейден сұраныс көп

           Image Созақ ауданының бағбандары былтыр қауын қарбыз егіп, экспортқа шығарған болатын. Бұл істі биылғы жылы да қолға алып, шаруалар қауын- қарбызды шетелге, еліміздің солтүстік өңірлеріне саудалауды қолға алды. 

            Мәселен, Созақ ауданындағы 3 шаруа қожалығы бірігіп, биыл 600 тоннадан астам өнімді экспортқа шығармақ. Жер емген диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін отырғызды. Оның 40 гектарына қауын егілсе, 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған. Ал өткен жылы бір ғана серіктестік 10 гектар жерінен 250 тонна өнім алып, оны азғантай көлемде шетелге жіберді. «Тапқан табыс та көл-көсір болған еді» дейді шаруалар. Айта кетейік, Созақ ауданының табиғаты оңтүстікте орын тепкенімен ерекше. Қысы қатал аймақта негізінен тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады. Түйе бағып, оның сүтін өндіреді. Ал бау-бақша ұстап, одан өнім алып экспорттау Созақ ауылының шаруалары қолға алып отыр. Созақ ауылы округінің әкімі Батырхан Аяпов -  3 шаруақожалық бірігіп, 600 тоннадан аса өнімді экспортқа шығарамыз деп отырмыз. Ендігі 2020 жылға тағы 3 шаруа қожалығы қосылайын деп жатыр. Қарбызды экспортқа шығарып, жақсы табысқа ие болды. Негізінен Ресейге барады. Жергілікті тұрғындардан да сұраныс көп. Қазақстанның ішіне, солтүстік өңірлерге барып жатыр,- дейді.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.