ImageӨзбекстан мемлекетінің Алмалық қаласында 8-11 тамыз аралығында 2002-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты өтті.

            Байрақты бәсекеде, ұлттық құрама сапында ел намысын Созақ ауданының бірнеше палуандары қорғады. 77 келі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түскен Бақберген Тұрсын әлем чемпионы атанды.  Сондай-ақ,              48 келі салмақта  Ерман Айда 3 орын,  70 келіде Асанқызы Нұриллә 2 орын, 85 келіде  Берикбаи Мадияр 2 орын,  3 орынды +95 келі салмақта Мұратұлы Азамат иеленіп, тұғырдан көрінді.  Балуандарды байрақты бәсекеге баптаған
аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Н. Кабулова, Б.Торғайов, С. Қалиев, Е. Айтбай, Ж Садуакасовтың ерен еңбектерін атап өту керек. Әлем чемпионатында төрешілік жасаған, Ұлттық дәрежедегі төреші Жеңіс Садуақасов, «Шәкірттеріміз ерледі. Кілең сен тұр мен атайын палуандар арасында қоржынға жүлде салу көптің қолынан келе бермейді. Әлі де, жаттығуды пысықтап биіктен көрінуге тырысамыз»,- дейді.

Е. Райымқұлов