Созақтықтар экологиялық акцияға белсене қатысты

ImageҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің "Бірге - Таза Қазақстан" жалпыхалықтық экологиялық акциясына созақтықтар белсене қатысты. Аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы «Тәуелсіздік» саябағынан бастау алған игі шараға аудан әкімдігі қызметкерлері, мәслихат депутаттары, мекеме ұжымдары, білім саласы қызметкерлері,  үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, жастар мен еріктілер қатысты. Тазалық жұмысына аудан әкімі Салыхан Сабырұлы бас болып, «Жастар саябағы» демалыс орнында тазалық жұмыстарын жүргізді. 
            -Бүгінгі экологиялық акция еліміздің барлық өңірінде болып жатыр. Ауыл аймақтың таза болуына, қызметкерлермен қатар еріктілерде ат салысуда. Үкімет басшысы бастаған игі іске біздің ауылдың азаматтары да белсене қатысты. Бұл үлкен акцияны қолдаған барша азаматтарға алғыс айтамын. Жалпы, аудан көлемінде көркейту көгалдандыру жұмыстарына мән беріп келеміз. Аудан орталығында халық демалатын, көңіл көтеретін 3 саябақ бар. Алдағы уақытта тағы 2 саябақ салыну жоспары бар. Ауылды көркейтетін тазалық жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады.- деді аудан әкімі Салыхан Сабырұлы.

            Созақ ауданының барлық ауыл кент округтеріндегі тазалық жұмыстарына 7000 тарта адам қатысты. 84 тонна қоқыс шығарылып, оған 26 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, көше бойлары, көпірлермен арық, бұлақтар тазаланды. 12,2 гектар саябақ ретке келтірілді.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.