Арысқа көмектескен 5 сынып оқушысына аудан әкімі велосипед сыйлады

ImageСерікболсын Созақ ауданы, Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы. Ол жыл сайын арнайы қобдишаға ұсақ теңгелер жинап, жазғы каникулда Шымкент қаласына қыдыратын және өзіне қажетті заттарын сатып алатын. Бұл Серікболсынның жылдағы әдеті.

            Арыс қаласында болған төтенше оқиға Серіколсынды бей- жай қалдырмады. Ол жыл бойы арнайы қобдишаға жинаған 54 360 тегені арыстық балаларға жіберу үшін Таукен кенті әкімдігіне өткізді.

            Бүгін Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов Серікболсын мен оның әкесі Аманбайды қабылдады. Өзі кішкене болса да, жүрегі кең баланың азаматтығына ризащылығын білдірген аудан басшысы,  велосипед тарту етті. «Серікболсындай жас өркеннің көпшілікке үлгі болар ісі көкейге қуаныш ұялатты. Егеменді еліміздің болашағы болар жас толқынға деген сенім осы игі іс арқылы бұрынғысынан нығая түсті деп санаймын» деп Серікболсын мен оның ата-анасына алғысын білдірді.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.