Арыс қаласындағы төтенше оқиға салдарын жоюға аудан кәсіпкерлері ауызбіршілік танытты

ImageАпат айтып келмейді. Арыста болған төтенше оқиғаға байланысты, ауданнан арнайы көмек қолын созу штаб құрылған болатын. Оқиғадан соң штаб төрағасы Бағдат Айдарбеков, ішкі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ғ. Жүсіп, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Сағындық, қоғамдық ұйым өкілдері «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен   шұғыл жиналыс өткізіп, Арыс халқына көмек беру мақсатында ауыл кенттерде пункттер ашу, акция өткізуді ұйымдастырды тапсырған болатын. «Біз Арыспен біргеміз» тақырыбында Арыс қаласынан келген азаматтарға көмек көрсету мақсатында өткен шараға, аудан азаматтары белсенді қатысты.  Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Созақ ауданынан құрылған штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков: -Елбасына күн түскен сын сағатында ауданда шаруасын жүргізіп отырған кәсіпкерлерде аянып қалмады. 30-ға тарта кәсіпкер, бірауыздан қомақты  қаржы жинап,  азық-түлік, киім-кешекпен гигеналық заттар алып, Арысқа жіберді. Атап айтсақ, Тастыбаев Қайрат, Бакенов Нұрлан, Жүсіпов Әбен, Әлметжанов Байкен, Оспанбек Қайрат, Тоқабаев Бектұрсын тағы басқа кәсіпкер азаматтарға айтар алғысымыз шексіз,- дейді.

            Айта кету керек Арыс қаласында болған оқиғадан соң, аудан 29 отбасымен оның 125 мүшесі келіп, оларға да ауыл округ әкімдіктері, кәсіпкерлер, жекелеген азаматтар көмек көрсетті.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.