Созақтықтар Арыс қаласындағы төтенше оқиғаның салдарын жою жұмыстарын бастап кетті

ImageБүгінде Арыс қаласындағы төтенше оқиғаның салдарын жою,  тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысқа созақтықтар да белсене кірісіп кетті.  Бекітілген 6- сектор бойынша 254 үйге акті жасалынып, жөндеу жұмыстары  басталды. Бүгінде 22 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 253 үй жөндеуді, 1 үй қайта салуды қажет етеді. Сондай-ақ 5 дүкен, 1 мейрамхана, 2 жеке меншік балабақша, 1 жанар – жағар май құю бекеті сынды кәсіпкерлік нысандармен 1 өнер мектебі, төтенше жағдайлар бөлімі, табиғатты қорғау мекемесінің ғимаратына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

            Созақ ауданы бойынша 6 секторға жауапты, аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет: -Бүгінде 6- секторға жауапты Қызылорда облысымен Созақ ауданынан 141 адам келіп жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Созақ ауданында 71 адам қызмет көрсетіп жүр. Олардың құрамында «Nur Otan» партиясының қызметкерлері, мекеме, бөлім қызметкерлері, еріктілер бар. Жұмыс жіті ұйымдастырылған. Белгіленген мерзімде жұмысты бітіруді жоспарлап отырмыз,- дейді.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.