Республикалық жарысқа жолдама алды

ImageЖуырда Түркістан қаласында шахматтан Республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу жарысы өтті. Аталған жарысқа Созақ ауданынан мектеп оқушылары да қатысып, биіктен көрінді.

Логикалық ой- өрісті машықтандыратын шахмат ойынында қыздар арасында «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің   9 сынып оқушысы Молдабай Жәмилә І-орынды алып, Көкшетау қаласы «Бурабай» демалыс орнында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды. Сондай-ақ, ұлдар арасында өткен жарыста «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Молдабай Олжас ІІІ-орынды иеленді. Шәкірттерін баптап, жеңіске жетелеген, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Атажанов Әмірді жеңісімен  құттықтаймыз.