Бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

ImageБүгін Созақ ауданы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімі аппараты ұйымдастырған шараға аудан тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметке тұруға ниетті азаматтар қатысты. Шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы ашып, бүгінгі өткізіліп отырған шараның мақсаты – бос лауазымдарды кадрлармен жасақтау және мемлекеттік қызметке түсу шарттарымен таныстырды.
Созақ ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің мамандары келген талапкерлерге мемлекеттік қызметке орналасу мәселесі бойынша сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасу шарттары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өту бойынша арнайы дайындалған әдістемелік парақшалар таратылды.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.