Түркістан облысының прокуроры Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті

ImageБүгін Түркістан облысы прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров, Созақ ауданынжа іс сапармен келді. Сапар барысында Қыземшек, Таукент кентінде болып, өндіріс, мекеме басшыларымен, тұрғындармен кездесті. Тұрғындармен кездесуге Түркістан облысы прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы, аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Үмбетұлы Әбдиев, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері, өндіріс орындары мен мекеме басшылары қатысты.

            Еркін форматта өткен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Көтерілген мәселелердің басым көпшілігі – электр жарығын есептеу, шалғайда жатқан Қыземшек кентіндегі ауруханаға стоматолог дәрігерінің қажеттілігі сөз болды. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты  құқық бұзушылықты төмендету, ауданда орын алған қылмыстың жылдам ашылуымен қамтамасыз етуді аудандық полиция бөлімінің бастығыны тапсырды. Және аудан прокуроры Айтболат Тайырханұлы Досаевқа тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің барлығын жеке бақылауына алып, орындалуын өзіне баяндауды жүктеді.

            Қыземшек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Пернебай Өтжанов,  кей жағдайда негізсіз, дәлелсіз арыз жазылатынын тілге тиек етті.

            Кездесу барысында, өндіріс мекеме басшыларына, қарамағындағы қызметкерлердің құқығының қорғалуына баса мән беру керектігін сөз етіп, ол бұзылған жағдайда қатаң жаза бар екенінде ескертті.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.