«Нұр отан» партиясының конференциясы өтті

ImageНаурыздың 13-жұлдызында "Шолаққорған" жалпы орта мектебінің мәжіліс залында "Нұр Отан" партиясы Созақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясы өтті. Бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, атқарушы және өкілетті билік өкілдері, құқық қорғау мекемелерінің басшылары, саяси партия, қоғамдық ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысқан конференция жұмысын аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Салыхан Полатов ашып, жүргізді. Конференцияның жұмысшы органдары сайланып болған соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIIІ Съезінде берген тапсырмалары туралы» аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков баяндама жасады. Баяндамада ауданымыз бойынша әлеуметтік әлсіз топтарға осы күнге дейін көрсетіліп келген әлеуметтік атаулы көмектер мен Елбасымыздың партияның XVIII Съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру нәтижесінде бұл бағытта жасалынатын жұмыстар жайлы жан-жақты атап көрсетілді. Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан Шолаққорған ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бүркіт Арынбеков, «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі, «Қарақұр» жалпы орта мектебінің мұғалімі, көпбалалы ана Айдана Есжановалар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы екінші мәселе бойынша партия филиалы сектор меңгерушісі Нұрболат Қошқарбаев хабарлама жасап делегаттар ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдап, дауыс берді, конференция қаулылары қабылданды.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі