Цифрлық технологиялар заман талабы

Мемлекет басшысының «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауы елімізде үлкен мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.

Жолдауда көрсетілген Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез келген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Сымсыз телефондар, желі­лік телеарна – осы бағ­дар­лама­ның жемісі. Сондай-ақ, елімізді цифрлы жүйелерді дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсанда   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітілген болатын.

            Бұл бағдарлама бойынша Созақ ауданында біршама жұмыстар басталған. Соның бірі коммуналдық-шаруашылық саласында  «Ақылды жарықтандыру» жүйесі болып табылады. Яғни аудан елді мекендерінде жарықтандыру жүйелерін жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, энергия үнемдегіш лампалар орнатып және қашықтықтан басқару жүйесін енгізу жоспарланған.

           МЖӘ (мемлекеттік жекеменшік әріптестік) арқылы жүргізілетін жоба болғандықтан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз мердігер «Торлан-Строй» ЖШС мен 26.11.2018 жылы №5 келісім шарт түзілген. Жоба барысында электр энергиясын 64% иондалған газды             98% төмендету көзделген. Жүйені қосу және өшіру есептеуіш құрылғыларынан есеп алу жұмыстары автоматты түрде қашықтықтан басқарылады. Қазіргі таңда бұл жоба кезең кезеңімен жүзеге асуда.

«Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­­ламасының түпкі мақ­сатына терең үңіле қарасақ, бұл жерде халық­тың өмір сү­ру дең­гейін жоғары са­тыға кө­теру, көп­теген әлеу­мет­тік мәсе­лелердің оң ше­­­ші­мін та­буға зор заманауи­ мүм­кін­шіліктер жасау қарас­­­ты­рылған. Қала берді, Ел­басы мақсат етіп қойған да­мыған отыздықтың ортасынан ойып тұрып орын алу жалпыхалықтық міндет. Сон­дықтан бағдарламаның аясында уақыттың үдесінен шығу үшін жаңа талаптарға сай еңбек етуіміз қажет.

Е.Аманов,

 Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің, энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

секторының мегерушісі