БЮДЖЕТ

2018 жылдың жыл қортындысымен жалпы бюджетке 66 млрд. 433 млн. 744 мың 500 теңге қаржы түсті.

Бюджеттің контингент бойынша 9 млрд. 740 млн. 524 мың теңгені құрап, жоспар              101,8 пайызға артығымен орындалды.

Ағымдағы жылдың жыл қортындысымен жергілікті бюджетке 7 млрд. 125 млн. 243 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 102,3 пайызға орындалды.   

Есепті мерзімде бюджеттің шығыс бөлігі 13 млрд. 773млн. 051 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілді.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2018 жылдың жыл қорытындысымен 245 млрд. 184 млн.  теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді.               

Оның ішінде: өнеркәсіп саласы бойынша 216 млрд. 710 млн. теңге,                 ауыл шаруашылық саласының үлесі 12 млрд. 513 млн. теңгені құрады. 

 

 

ИНВЕСТИЦИЯ

Аудан экономикасына ағымдағы жылдың 12 айымен 40 млрд. 880 млн.  теңге инвестиция тартылып, 2017 жылмен салыстырғанда 104,8% артты.

 Оның ішінде:

-  Жергілікті бюджеттен  –1 млрд. 843 млн. теңге;        

-  Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен - 38 млрд.                280млн. теңге;

-  Қарыз қаражаты көлемі – 127 млн. теңге инвестиция тартылған.

 

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі                          12 млрд. 513 млн. 200 мың теңге болып, өткен 2017 жылдың қортындысымен салыстырғанда 1 млрд. 247 млн. 200 мың теңгеге немесе 111 пайызға артығымен орындалып, нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады.

Аудан бойынша 13 100 га егістік жер игеру межесі белгіленіп, 13 120 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде 5 505 га суармалы жер игерілді.

Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 350 гектар алқапты айналымға қосу тапсырмасының 368 гектар алқабы (105%) жайылымдық жерден суармалы егістік түріне ауыстырылды.

1 га алқапқа жылыжай салу межесі берілсе, 1 га алқапқа жылыжай салынып, тапсырма 100 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, 100 га алқапқа тамшылатып суару технологиясын енгізу межесі берілсе, аудан көлемінде «Жасыл желек» бағдарламасы негізінде 111 га декоративті бауға тамшылатып суару әдісі ендірілді.

1400 га алқапқа терең қопсыту жүргізіліп, берілген тапсырма 100 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция ретінде:

-«Нұрдос» АӨК-ің құрама жем дайындау қондырғысы 2 млн. 578 мың теңге;

-«Бекназар» АӨК-нің құрама жем дайындау қондырғысы 1 млн. 909 мың теңге;

-«Таңатар» шаруа қожалығының МТЗ-82 тракторы 7 млн. 452 мың теңге;

-«Қарақұр» өндірістік кооперативінің МТЗ-89 тракторы 8 млн. 699 мың теңге;

Тіркеуге алынып, барлығы 20 млн. 638 мың теңге инвестиция тартылды.

 

Шолаққорған ауыл округіндегі «Әділет 1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  4 млн. 113 мың теңгеге ірі қара мал сою модуліне жабдық сатып алып,                  «Қуаты тәулігіне 5 бастан бастап сойылатын мал сою пункттеріне жабдық сатап алу» бағдарламасымен 1 млн. 555 мың теңгесі;

«Нұрдос» АӨК-і 2 млн 260 мың теңгеге алған құрама жем дайындау қондырғысы «Құрама жем өндіруге арналған жабдық сатып алу» бағдарламасымен                  1 млн теңгесі;

«Қарақұр» Ө/К, «Жасур» және «Таңатар»  шаруа қожалықтары сатып алған ауыл шаруашылығы техникалары, «Сұранысқа ие ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу» бағдарламасымен 4 млн. 856 мың 2 теңгесі;

Сонымен қатар, аудандағы 11 шаруа қожалықтары өз жайылымдарынан              120 млн. 820 мың теңгеге құдықтар қаздырып, «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында 84 млн. 897 мың 200 теңгесі;

Барлығы 101 млн.  308 мың 400 теңге инвестициялық субсидия арқылы мемлекет есебінен қайтарылды.

  Ауданға  25 ауыл шаруашылығы техникасын алу межесі белгіленгенсе, есепті мерзімде өз қаржылары есебінен 25 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, тапсырма 100 % орындалды.

Сонымен қатар, шағын 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы бойынша 130 шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жылдық тапсырма 102 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 5-10 бастық 35 жанұялық сүт фермасы ашылып, жылдық тапсырма 140  пайызға орындалды.

  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша (251 бас қошқар) 6070 бас тұсақ қойлар алынып, меже 234% жетіп, шаруалар мемлекет тарапынан 37 млн 631 мың.теңге;

«Құлан» бағдарламасы бойынша (21 айғыр) 376 бас аналық жылқы алынып меже  101% орындап, шаруалар мемлекет тарапынан  900 мың.теңге;

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша бойынша ауданға (49 бұқа) 1 456 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендірге тартылып, меже 104% орындалып, шаруалар мемлекет тарапынан 22 млн 103 мың.теңге, Барлығы 60 млн 634 мың теңге субсидия алынды.

Есепті мерзімде ауданда 31 389 бас  мүйізді ірі қара, 15 908 бас жылқы,                      10 806 бас түйе, 258 278 бас қой-ешкі, 29 775 бас құс өсірілуде. 2017 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 115,8 пайызға (27112 бас), жылқы 114,1 пайызға                (13 940 бас), қой-ешкі 107 пайызға (242 126 бас),  түйе 104,9 пайызға (10 300 бас), құстар 100,7 пайызға (29 559 бас) артып отыр. 

 

  

Сонымен қатар 12 608 тн. ет (тірі салмақта), 15 457,9 тн. сүт, 2 млн. 711 мың             дана жұмыртқа өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,1 пайызға,  сүт 103,4 пайызға, жұмыртқа 102,4 пайызға артық орындалды.

Аудан аргроқұрылымдары «Созақ несие» несиелік серіктестігі» ЖШС-нен               109,9 млн теңге, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен 48,5 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан Облыстық Филиалы арқылы 155,4 млн теңге,  барлығы 313,8 млн теңге көлемінде несие қаржы алды.

Аудандағы 8 ауылдық округтері мен кенттері аумағында орналасқан 13 cу қоймасының және де 22 канал мен жабық құбырдың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары аудан әкімдігінің тұрақты бақылауына алынған.

Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі №286 қаулысымен Шолаққорған елді мекеніне келетін ұзындығы 11,8 км лоток  «Созақ сәулет» МҚК-ы мекемесі теңгерімінен алынып, «Шолаққорған су» МКК-ы теңгеріміне беріліп, оны ағымдағы жөндеуден өткізу арқылы 29 лотогы ауыстырылып, бүгінгі таңға елді мекенге су берілуде.

Сонымен қатар, Сызған ауыл округіндегі «Шұқырой» каналының 42 лотогы демеушілер есебінен ауыстырылып, агроқұрылымдарға  егістік жерлерін суаруға су берілді.

Құмкент ауыл округіндегі «Жылыбұлақ» және «Үшбас», Сызған ауыл округіндегі «Шұқырой», Қаратау ауыл округіндегі «Бақырлы» және «Ақсүмбе» каналдары иесіз мүлік ретінен шығарылып, «Қазсушар» РМК-ң теңгеріміне тамыз айында толығымен өтті.

«Суындық», «Раң», «Ақұйық», «Қостөбе» және «Райс» су қоймалрын салу «Тасқын судан келетін зардаптардың алдын алу, тасқын суларды қабылдау, жинау жөніндегі іс-шаралар» жөніндегі Түркістан облысы бойынша  Жол картасына енгізіліп,  техникалық экономикалық негіздемелері жасалып, жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

2018 жылы ауылшаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес ауыл округтері бойынша Құтыру ауруына қарсы МІҚ-ға 1772 бас, ұсақ малға 7514 басқа, жылқыға 622 басқа, түйеге 600 басқа,  итке 6122 бас, 988 мысыққа егу жұмыстары жүргізілді. Аусыл  ауруы бойынша ұсақ малға 556066 басқа, МІҚ-ға 56862 бас, егу жұмыстары жүргізілді. Сібір жарасы ауруына қарсы МІҚ-ға 47824 бас, ұсақ малға 420814 бас, жылқыға 13608 бас, түйеге 10636 басына екпе егілді. Оба ауруына қарсы 277804 бас ұсақ малға, 11946 бас түйеге  егу жұмыстары жүргізілді. Туберкулез ауруына қарсы 33946 бас МІҚ малына, 6224 бас түйе малына аллергиялық тексерілді.

 Сондай-ақ тағы басқа аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстарын жүргізілді. Жұқпалы ауруларға диагностикалық тексеру іс-шаралары бойынша 2018 жылғы жоспарға сәйкес 46457 бас мүйізді ірі қарадан, 384 949 бас уақ малдан бруцеллез ауруына қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаға тексеруге өткізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 12 бас мүйізді ірі қара, 66 бас уақ мал сарып ауруы бойынша «оң» нәтиже беріп, анықталған малдар ветеринариялық-санитариялық талапқа сай арнайы мал сою орындарына  өткізілді.

 Аудан бойынша 12150 бас ірі қара мал 121245 бас уақ мал 2648 бас түйе,              3194 бас жылқы бірдейленіп, барлығы 100 пайыз веб порталға енгізілді.

2018 жылына қаңғыбас ит-мысықты жою 2500 басқа жоспарланып, қазіргі таңда толығымен 100% ауланып, жойылды. 2018 жылы қазіргі таңға дейін ит-мысықтан зардап көріп жарақаттанған адам саны 190 болса 2017 жылмен салыстырғанда                 54 адамға кеміді.

Ал осы ит ұстау ережесін бұзған тұлғалардың 29 пайызына яғни 55 ит-мысық егелеріне 1322750 теңге айыппұл салынған.

2018 жылы «құтыру» ауру көрсеткіштері тіркелмеген.

2018 жылы Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу мақсатында көктем-күз мезгілде 4 468 498 шаршы метр үй іргелік қора-жайлар мен оған жапсарлас аумақтарын залалсыздандыру жұмыстары атқарылып, толығымен орындалды. Сонымен қатар 102270 бас ірі қара малға кенеге қарсы бүрку жұмыстары жүргізілсе, 588785 бас майда мал креолин ерітіндісіне тоғытылды. 2 222 700 шаршы метр буферлік аймақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, көктемгі-күзгі залалсыздандыру жұмыстары толығымен орындалды.

Аудан тұрғындары арасында Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу, сақтану жайлы жергілікті «Созақ үні» газетіне 2 мақала жарияланды.

2018 жылы кене тию күдігі бойынша 88 адам тіркеліп 2017 жылмен салыстырғанда 38-ге кеміді.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Аудан көлемінде 459 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 346-ға жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 103,5%-ға артты.

Кәсіпкерлік саласында 2018 жылы 12 млрд. 991.4 млн. теңгенін өнімі өндіріліп, өткен 2017 жылмен салыстырғанда 103,9% өсті.

«Ырыс» МҚҰ арқылы жобаларды қаржыландыру бойынша 2018 жылы                    15 жобаға жалпы сомасы 37.5 млн;

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы арқылы 2018 жылы 62 жобаға 238,2 млн;

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ОҚО бойынша филиалы арқылы                 2018 жылы 33 жобаға жалпы сомасы 206,0 млн. теңгеге несие берілген.

Кәсіпкерлік қызметке баулу, микрокредит алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында "Бизнес Бастау" жобасы бойынша 4 кезеңге бөліп жалпы 150 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, 1-2 кезеңде 109 адам оқытылып, сертификаттарын қорғады.

Ауданға инвесторларды көптеп тару және олардың инфрақұрылым мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда жалпы алаңы 50 га жер телімін құрайтын индустриалды аймақ құрылған. Бүгінгі күнге дейін жалпы құны 1 млрд 197 млн. тг құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізуде. 2018 жылы индустриалды аймақта 877,5 млн.тг өнімі өндіріліп, аудандық бюджетке 80 млн. 900 мың.тг қаржы түсті.

95 жаңа жұмыс орны құрылған. Одан бөлек Үстіміздегі жылы өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан бөлек 3 жоба жүзеге асырылды. Олар; - «Central Asia Mining Co» ЖШС-нің «Алтын кеңін  үймелі сілтіздендіруді жүргізетін зауыт құрылысы» жобасы. Қазіргі таңда  зауыт құрылысы толық аяқталып, іске қосылған. Жобаның құны 1 млдр 342 млн. тг. Бұл жобада қазіргі таңда 600 адам жұмыс жасауда.

«Торлан Строй» ЖШС-нің металл құрастыру цехы. Қазырғы таңда цех құрылысы толық аяқталып, іске қосылды. Бүгінде цехты  5 адам түрақты жұмыспен қамтамасызетіліп, өз өнімдерін ішкі нарыққа шығаруда.

«Тағай Ата»ЖШС –нің құны 47 млн.тг құрайтын «Жемдік тұз өңдеу» цехы іске қосылып, 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.  

Алдағы уақытта бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырылу жоспарлануда. Атап айтсақ: - Германиялық инвестормен бірігіп «ЮКСЭС-50» ЖШС-гі құны 50 млн.  АҚШ доллар құрайтын «күн электрстанциясын» құрылысы, қазіргі таңда 125 га жер телімі, беріліп, құрылысын бастау үшін рұқсат құжаттары жасалынып аяқталды. Бүгінде қаржыландыру күтілуде. 

Сондай-ақ «Теріскей» ЖШС-нің құны 18 млрд. 500 млн.тг құрайтын «Асыл металл» өндіру жобасы, «Стандарт Угле Хим» ЖШС-нің құны 1,5 млн АҚШ долл құрайтын «Таскөмірсай» кені «тас көмірді өңдеу» зауытын салу жоспарлануда.

 

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ САЛАСЫ

Аудан көлемінде 2018 жылы 632 млн 320 мың теңгеге құрылыс - монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Атап өтетін болсақ,  аудандық бюджет есебінен 417 178 млн. теңге қаржыға  Шолаққорған ауылы, Балдысу  елді мекеніндегі 100 орындық орта мектеп нысаны құрылысы жүргізілуде. Нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі.

Аудандық бюджет қаржысы есебінен 2017 жылы құрылыстары басталып               2018 жылға өтпелі болған, жалпы құны 152 142 мың  теңгені құрайтын Құмкент ауылындағы спорт комплекс ғимаратын қайта құру құрылысы нысаны                 08.07.2018 жылы пайдалануға қабылданды;

2017 жылы 63 млн. теңгеге Құмкент ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон құрылысы жүргізіліп, 20.05.2018 жылы пайдалануға қабылданды;

2018 жыл қорытындысымен құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі 100,1% болып орындалады деп күтілуде

 

Жобалау сметалық құжаттамалар әзірлеу

Жобалау сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша Үстіміздегі  жылы   аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан барлығы 28 жоба жасалынуда. Ол жобалардың  қазіргі таңда 24 жобасына сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарына пайдалануға дайын. (слайд) 4 жоба сараптамадан өтуде (слайд), 2 жоба дайындалуда.

Дегенмен сараптамадан өтіп жатқан 4 жоба өзінің дайындалу мерзімінен кешігуде (слайд). Олардың 2-не жобаның дұрыс дайындалмауы есебінен сараптамадан теріс қорытынды алынып, бүгінгі таңда жобалаушы мекеменің қаржысы есебінен сараптамадан өтуде. Бұл 2 жоба бойынша, жоба дайындауда кешіккендері үшін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) есебінен айыппұлдар салынды. Қалған 2 жоба бойынша кешіккендері үшін келісім-шартқа сәйкес айыппұлдар есептеліп, жобалаушы мекемеге төлеу жөнінде хабарландырулар жіберілді. Бұл 4 жобада үстіміздегі жылдың шілде айында дайын болады деп күтілуде.

2018 жылдың екінші жартыжылдығында құрылыс бөлімінде 9 жоба жеңімпазы анықталып, жобалар дайындалды. Осы жобаларға 2019 жылы сараптама қорытындылары алынып 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында дайын болады деп күтілуде. (слайд)

Аудан көлемінде жалпы  алаңы 24 001 шаршы метрді құрайтын 214 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

 

«Еврохим Қаратау» ЖШС-не тартылатын магистралды газ құбырының Жаңатас қаласына бұру бөлігінен Созақ ауданына дейін тартылатын жоғары қысымды газ құбырының ЖСҚ-ы жасалынып,  Заңға сәйкес мемлекеттік сараптамаға ұсынылып оң қорытындысы алынды. Ауданды газбен жабдықтау жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 1 023 052,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.  

 

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

            Созақ  ауданы бойынша 35 елді мекеннің 23 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. 23 елді мекенде тұратын халық саны – 49250   адамды яғни аудан тұрғындарының 79,2 пайызын  құрайды.

          Ауыз су құбыры бар елді мекендер бойынша бүгінгі күнге 23 елді мекеннің           17-і (Теріскей (Шолаққорған ауылының солтүстік мөлтек ауданы), Жеткіншек, Құмкент, Қызылкөл, Қызылқанат, Жартытөбе, Аққолтық, Бабата, Таукент, Ыбырай, Жуантөбе, Жыныс, Тасты, Шу, Қылти, Қыземшек, Тайқоңыр) ауыз су тәулігіне             24 сағат берілсе, (Теріскей, Ақшам елдімекендері көшедегі 54 су беру колонкаларын пайдаланады). 7 елді мекенде ауыз су уақытпен берілуде (Шолаққорған,  Қаратау, Қарақұр,  Созақ, Шақырық, Сызған, Қозмолдақ). Шолаққорған ауылдық округінің Ақшам, Теріскей (жоғары бөлігіне ауыз су уақытпен беріледі) мөлтек аудандары мен Таукент кентіндегі саяжайды тәулігіне 24 сағат сумен қамту мақсатында жобалау сметалық құжаттары дайындалып мемлекеттік сараптамаға берілген болатын. Қазіргі таңда Таукент кентіндегі Саяжай мен Шолаққорған ауыл округінің Теріскей мөлтек ауданының мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, облыстық бюджеттен қаржы қарау туралы ұсыныс жолданды. Қаржы қаралған жағдайда, заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Шолаққорған ауылының Ақшам мөлтек ауданының ЖСҚ-на мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынса, облыстық бюджеттен қаржы қарау туралы ұсыныс жолданады.

     Сарыжаз, Балдысу, Қарабұлақ және Басбұлақ елдімекендерінің жер асты суын зерттеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта қорытындысы алынатын болады. Қақпансор және Қоңыратарық елді мекендері халық санының аз болуына байланысты экономикалық тиімсіз елдімекендер қатарына кіреді.

         Аудандағы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылмаған 6 елді мекенге (Қайнар, Раң, Шаға, Көктөбе, Ақсүмбе, Абай) су құбырын жүргізуге, облыстық бюджеттен 2018 жылға 389,8 млн теңге қаржы қаралған болатын. Аталған елді мекендерді сумен жабдықтау үшін заңға сәйкес облыстық сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылған. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, ағымдағы жылы сумен жабдықтау жұмыстары басталған. Қазіргі таңда Көктөбе елді мекенінің сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталып, қабылдап алу жұмыстары жүргізілді.  Қалған 5 елді мекеннің сумен жабдықтау жұмыстары  өндірістік кестеге сәйкес жүруде. Созақ ауданы бойынша осы 6 елді мекенге су құбыры жүргізілгенде, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 29-ға жетіп, 82 пайызды құрайтын болады.

   

 

Автомобиль жолдарын жөндеу

          Жалпы аудан көлемінде 972,1 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның 434,9 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 79.4 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 457,8 шықырымы елді мекендердің ішкі жолдары.

          2017 жылы Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінің арасындағы автомобиль жолы құрылыс жұмыстарына ОҚО мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген болатын. 2018 жылы жол құрылысы жұмыстары аяқталып, заңға сәйкес қабылдап алынып пайдалануға берілді.

          2018 жылы ҚР Үкіметінің Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына сәйкес, аудан көлеміндегі елді мекендердің 17 шақырымды құрайтын, 10 ішкі көшелеріне асфальттау жұмыстары, сонымен қатар 42 шақырымды құрайтын 34 көшеге қиыршық тас төсеп орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 2018 жылы жоспарға сәйкес конкурс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 59 шақырымды құрайтын,            44 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заңға сәйкес қабылданып, пайдалануға берілді.

      2019 жылы аудандағы әр бір ауыл окрутен 1-2 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстарын (асфальттау) жүргізу жоспарлануда.

 

Тазалық, көгалдандыру жұмыстары

            2018 жыл басынан Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен аудан бойынша ауылдық округтер мен кенттерде, барлық мемлекеттік, бюджеттік мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар қатысуымен  24 рет сенбіліктер өткізілген.     

           Сенбілік жұмыстарына 12100 адам, 23 техника тартылды. 457 шақырым көше бойларын, 102 шақырым аяқ жолдар, 8770 ш.м үй іргелік аулалар,  11 шақырым су жүйелері арналарын тазалау жүргізіліп, нәтижесінде 500 тн күл-қоқыс шығарылып, 126 бей-берекетсіз жатқан күл-қоқыстар жойылған. 

           57 320 дана ағаштар әктеліп, 624 ш.м үй қасбеттерін әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілген.

           Ағымдағы жылы Шолаққорған ауылынан шыға беріс Шолаққорған-Созақ бағытындағы мазарат жергілікті бюджет есебінен қоршалып ретке келтірілсе, аталған ауыл орталығындағы С.Қожанов көшесінің бойы аудан әкімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен безендірілген шарбақтармен қоршалды.

Сонымен қатар, 2018 жылы 4 модульді әжетхана орнату жұмыстарына 11 200 мың теңге қаржы қаралып, Шолаққорған ауылында орналасқан әлеуметтік нысандарға (аудан әкімдігінің, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудан әкімдігінің білім бөлімінің және Мыңжылқы мәдениет үйі ғимараттарының аумағына) орнатылды.

          Облыс әкімінің 2017 жылғы 6 қарашадағы Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспарын бекіту туралы №303 қаулысымен бекітілген іс-шара жоспарын іске асыру мақсатында  2018  жылға 96,2 га. жерге 35630 түп ағаш көшеттерін егу жоспарланған.  Нақты орындалуы көктем айында 50,1 га. жерге 24500 түп ағаш көшеттері отырғызылса, күз айларында 10350 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 2018 жылы аудан аумағын көркейту көгалдандыруға арналған жоспар толықтай орындалған.

          Егілген ағаш көшеттерді суғарып, баптау әр-бір ауылдық округ әкімдеріне жүктелген.

         Облыс әкімінің шатқал бағдарламасы бойынша Шолаққорған ауылынан Ишанбұлақ және Ақшам шатқалдары құрылып, толық қоршалған. Ағымдағы жылы сенбіліктер ұйымдастырылып, шатқалдар аумағы ретке келтірілді

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың               2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген іс-шаралар мен насихат-түсінік жұмыстарының нәтижесінде аудан әкімі мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан келісілген кешенді жоспардағы барлық көрсеткіштер  толығымен атқарылды.

2018 жылы Кешенді жоспарды іске асыру аясында 2552 адамды қамту жоспарланса, нақты 2575 адам қамтылып отыр немесе жылдық жоспар  100,9 пайызға орындалған, тиістісінше жұмыссыздар, өздігінше жұмыспен қамтылғандар жоспарға сәйкес қамтылуда. (2017 жылы Кешенді жоспарды іске асыру аясында  1932 адамды қамту жоспарланса, нақты 2557 адам қамтылып немесе жылдық жоспар 132,3 %)

1105 адам – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 1095 адам –  жұмыссыздар, 375 адам - жұмыс іздеушілер,  осы азаматтар ішінде: 283 адам - табысы аз адамдар.

Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» - қысқа мерзімдік курстар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие 145 жұмысшы кадрлар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған. Осыған орай, енбек рыногының сұранысына сәйкес мамандарға қажеттілікті анықтау жұмыстары тиісті дербес бөлімдер  және аудандық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жүргізіліп, аудандық комиссияда 14 мамандық бойынша 145 азаматтың оқуға жолданатыны бекітіліп, 2018 жылдың  28 мамырында қысқа мерзімді оқуға ниет білдіруші 92 азаматқа, ағымдағы жылдың 27 маусымында 53 азаматқа (жоспар -145 адам, орындалуы 100 %) өз таңдаулары бойынша білім беру ұйымдарына жолдама беріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.

Оқуды аяқтаған 129 азаматтың 97 (75,2 %) тұрақты жұмыспен қамтылды.       

 (қысқа мерзімді оқыту бойынша 2017 жылғы жоспар -230, орындалғаны 230 немесе жоспар 100 %).

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 62 адам 204,0 млн.теңгеге шағын несиемен қамту жоспарланып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 62 адам 238,5 млн.тг несиемен қамтылды.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 110 адам оқыту жоспарланып, 110 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, оқуын аяқтағандар қатарынан 109 азамат сертификатпен қамтылды.

 (2017 жылғы жоспар -100 адам 308,7 млн.тг, орындалғаны 65 адам 189,0 млн.тг немесе жоспар 65,0 %).

Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде 2018 жылға 796 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, жылдың қорытындысы бойынша 997 жаңа жұмыс орыны ашылып, жылдық жоспар 125,2 пайызға орындалды.  (2017 жылғы жоспар - 1523 адам, орындалғаны 1525 адам немесе жоспар 100,1 %).

Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жаңа жұмыс орындарына            206 адам жолданып, (жылдық жоспар 179) жоспар 115,1% орындалды.                                  (2017 жылғы жоспар - 120 адам, орындалғаны 239 адам немесе жоспар 199,2 %).

1426 адам тұрақты жұмысқа орналасты (жылдық жоспар 1348), оның ішінде

1220 адам (85,5%) бос жұмыс орындарына, 206 адам (14,4%) мемлекеттік және аймақтық дамыту бағдарламалар бойынша жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналастырылды. (2017 жылғы бос жұмыс орындарына жоспар - 936 адам, орындалғаны 1354  адам, жаңа жұмыс орындарына  жоспар 120 адам, орындалғаны 239 адам).

Кешенді жоспарды орындау мақсатында қоғамдық жұмысқа 400 адам               жоспарланса, 413 адам қамтылып немесе 103,3 пайызға орындалды.

(2017 жылғы жоспар -350 адам, орындалғаны 395  адам немесе 112,9 %).

Әлеуметтік жұмыс орнына 37 жұмыс берушілермен келісім шарт түзіліп, нақты 121 (жоспар 100 адам) нысаналы топтағы азаматтар жолданды (121,0 пайыз). Мерзімін аяқтаған 121 адамның 108-і немесе 89,3 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

(2017 жылғы жоспар -100 адам, орындалғаны 141  адам немесе 141,0 %).

Жастар практикасына 47 жұмыс берушілермен келісім шарт түзіліп, нақты          169 адам жіберілді (жылдық жоспар-105 адам, 161,0 %), олардың 111-і аяқтап,           39 немесе  35,0 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды (қалған 58 азамат 2019 жылы жалғастырушылар қатарынан). (2017 жылғы жоспар -90 адам, орындалғаны 133  адам немесе 147,7 %).

 

БІЛІМ САЛАСЫ

   Ауданымыздағы білім саласына бөлінетін қаржы көлемі  жыл санап артып келеді. Есепті жылға қаралған қаржы 6 млрд 773 млн. 202 мың теңгені құрады.

   Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген болатын. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.

   2018 жылы аудан мектептерін бітірген 705 түлектердің 501-і ҰБТ тапсырып, нәтижесінде аудан көрсеткіші 67,6 балды құрады. 2018 жылы 41 оқушы «Алтын белгі», 21 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды (2017 жылы 51 оқушы «Алтын белгі», 21 оқушы «Үздік аттестат»).

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерінде аула клубтары, қызығушылығы бойынша клубтар, көгалдандыру бригадалары, мектеп орманшылығы бойынша оқушылар сауықтырылды. Мектептердегі 368 топқа, 7085 оқушы, сонымен қатар, жазғы кезеңде мектеп жанындағы лагерлерге 148 топқа 3775 оқушы қамтылды.     

   2018 жылы 5 ауысым бойынша 1400 бала қала сыртындағы лагерде (ОҚО, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалында орналасқан Б.Саттарханов атындағы балалар спорттық лагері) демалып, оған аудандық бюджеттен 42 млн 700 мың теңге қаржы жұмсалды.

Шолаққорған ауылынан 50 орындық «Айжан», Аққолтық ауылынан  75 орындық «Асылжан» балабақшалары ашылды.

2018 жылдың қорытындысымен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығында барлығы 4701 бала бала бақшамен қамтылып, 99,2 пайызға орындалды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Есепті мерзімде 1450 бала туылды. Олардан 1 жасқа дейінгі бала өлімінен           9 жағдайы тіркеліп, 2017 жылмен (17 өлім жағдайы) салыстырғанда 8 жағдайға азайды.

   Жұқпалы аурулар бойынша сары аурумен 2018 жылы 2 адам тіркелсе,                 2017  жылда тіркелмеген. 2017 жылы Сарып ауруымен 8 науқас тіркелсе,  2018 жылы                  5 науқас тіркелген.

2018 жылы туберкулез ауруы бойынша 14 адам тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 2 адамға көбейген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жалпы 3 маман оның 3-і аудандық емханаға жұмысқа орналасты.

Аудандық емхана мен орталық аурухана бойынша медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 77,4 %-ды құрайды. Келешекте құрал жабдықтармен қамтасыз етуді 85 %-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

            Есепті мерзімде 587 (2017 ж 576) мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп,           42 345 көрермен қамтылды. 36 (2017 ж 35) мәдени мекеменің 22 кітапхана болса, кітап қоры 396 003 (2017  ж. 393 418) құрайды. 2018 жылы жаңа 4714 дана кітап алынды. Оның 2862-і мемлекеттік тапсырыстан түссе, жергілікті бюджеттен                    963 алынып, 889-ы сыйға берілді. Оқырман саны 24 003 құрайды.

          Ауданымызда 2018 жылдың 16 наурызы күні, Асқар Сүлейменовтың                          90-жылдығына орай, облыстық «Сөз зергері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылса, 14 сәуір күні, Б.Батырбекованың 90-жылдығына орай, «Созағым менің жыр елім» атты облыстық жазба ақындар арасында мүшәйрасы және 27 қыркүйек күні, Т.Әлімқұловтың туылғанына 100 жыл толу мерекесіне орай, «Тәкен оқулары» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілген болатын.                     11 қазан күні, Созақ ауданының 90 жылдығына орай республикалық «Сырлы Созақ» ақындар айтысы өткізілсе. 12 қазан күні Созақ ауданының 90 жылдығына орай ауданымыздан шыққан «Социалистік Еңбек ерлері мен шертпе күй шеберлерінің» кеуде мүсіндері /бюсттері/ салтанатты түрде аудан орталығы Шолаққорған ауыл округіндегі «Тәуелсіздік» саябағында ашылды және «Созақ жыр, сөз, өнер» тақырыбында ғылыми теориялық конференциясы өтті.

 

 Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы  №110  Жарлығын іске асыру мақсатында 2017 жылғы       23 мамырда «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру бойынша  Созақ  ауданының 2017-2019  жылдарға  арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №119 қаулысы әзірленіп, осы қаулы негізінде жұмыстар жүргізілуде. Жалпы  аудандағы тілдердің меңгерілуіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, нәтижесі облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасына жолданып отырады. Аудандағы мектептерде мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі оқытылады. Тілдерді үйрену үшін барлық тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары тегін курстар ұйымдастыру деген бөлігі бойынша ауданда «Тілдерді оқыту және дамыту  орталығы» 2012 жылдан жұмыс жасап келеді. Аудан тұрғындары  тілдерді /қазақ, орыс, ағылшын/ тегін үйренуде.  Жыл сайын «ҚАЗТЕСТ» негізінде аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде (мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарына сәйкес)  білу деңгейін анықтау мақсатында тест алынады. Жалпы ауданда  ересек тұрғындар 100 пайыз мемлекеттік тілді меңгерген. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі  2017 жылы 70 пайыз болса, 2018 жылы 73 пайызға жетті. Ағылшын тілін меңгергендер                    2017 жылы 14 пайызды құраса, 2018 жылы 14,3 пайызды құрайды.  Тілдерді дамыту саласында 2017 жылы 24 іс-шара өткізілсе,  2018 жылы 28 аудандық ірі іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

СПОРТ САЛАСЫ

            Жылдың қортындысымен 294 салауатты өмір салтын насихаттауға арналған     іс-шаралар өткізіліп, оған 22567 адам қамтылған. Бұл аудан халқының 28 пайызын құрайды. Атқарылған спорттық іс-шаралардың нәтижесінде 2018 жылда ауданымыздан 48 облысты, 26 Республикалық жарыстарда жүлделі орыннан көрінді, атап айтсақ Орынбасаров Қобыланды Сауранұлы – гір тасын көтеруден спорт шебері, Әлем чемпионы және Европа жұлдегері, Латвия мемлекеті, Даугавпилис қаласында гір көтеру спортынан өткен әлем чепионатында І-орын алса Серікбаев Мұрат және Тұрғанбаев Бақытжан күмүс жұлдегер атанды. Ақтөбе қаласында бокстан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Абдулла Садырдин 52 кг салмақта чемпион атанды. Серікбай Әсет Грек-рим күресінен Орал қаласында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 35 кг салмақта чемпион атанса Мұратұлы Сүлтан Грек-рим күресінен Жамбыл облысы Тараз қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан республикасының чемпионатында 29 кг салмақта чемпион атанды Грепплингтен  Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының кубогінда Ерғараев Қуандық 66 кг салмақта І-орын, Алпамыс Мыңжасар 84 кг салмақта І-орын, Саттарұлы Абзал 62 кг салмақта ІІІ-орын, Оспанов Даурен 100 кг салмақта  ІІІ-орынды иеленді. Өтеппай Ерасыл Шымкент қаласында белбеу күресінен өткен кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан республикасының чемпионатында 46 кг салмақта ІІІ-орын. Берікбай Дамир Қызылорда облысында жасөспірімдер арасында белбеу күресінен өткен Қазақстан республикасы чемпионатында 60 кг салмақта чемпион атанды.

            Биылғы жылы Шолққорған ауылынан 3, Құмкент ауылынан 3, Жартытөбе ауылынан 2, Таукент кентінен 2, Қарағұр ауылынан 2, Қыземшек кентінен 1, Тасты ауылынан 1, Шу ауылынан 1 спорт алаңдары салынып пайдалануға берілді.

Барлығы 15 спорт алаңша.

 

 

 

 

ТӘРТІП ПЕН РЕТТІЛІК

   Ауданымызда жалпы 415 қылмыс тіркеліп, өткен 2017 жылмен салыстырғанда                    129 қылмысқа көбейіп отыр.

   Жасалған қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау мен орташа ауыр қылмыстарды құрайды. Бөтеннің мүлкін ұрлау көрсеткіші бойынша -                 212 (2017 ж. 12 айы - 138), аса ауыр қылмыс - 4 (2017 ж. 12 айы -2), ауыр қылмыстар - 19 (2017 ж. 12 айы - 19), Қасақана адам өлтіру 2017 жылы тіркелмесе, биылғы жылы 2 оқиға тіркелген. Сол сияқты жалпы бұзақылық бойынша былтырға жылы 23 оқиға болса биылғы 12 айда 26 оқиға тіркеліп 3 оқиғаға артып отыр.

   Сол сияқты жол көлік оқиғалары 2017 жылдың 12 айында - 43 болса,              биылғы жылы 29 тіркеліп, 14 оқиғаға азайып отыр.

 

 

КАДРЛЫҚ САЯСАТ

 Аудан бойынша 2018 жылы 25 бірлік бос немесе уақытша бос «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының орындарына конкурс өткізу рәсімдері жүргізілді. Оның ішінде жоғары лауазымдарға орналасу үшін өткізілген ішкі конкурстар саны 9. Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізудің нәтижесінде 7 қызметкер мансаптық өсіріліп, меритократия көрсеткіші 78%  құрды. Ал, жалпы конкурс бойынша 16 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылданды. Сондай-ақ, Жуантөте, Сызған ауылдық округі әкімдері мен Таукент кенті әкімінің сайлауы өтті.

Есепті кезеңде аудан бойынша таза ауысымдылық 8 қызметші болып, штат санының 4,6% құрады.

16 әкімшілік мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан, 40 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан табысты өтті.

 

Жеке азаматтарды қабылдау, өтініштермен жұмыс

            Аудан әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы 481 өтініштер мен арыз-шағымдар түсіп, (жеке тұлғалардан-448, заңды тұлғалардан-33) олармен заң талаптарына сай жұмыстар жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді. Жалпы электронды түрде тіркелген 481 жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жүгінулер мен өтініштерді талдасақ: жер мәселесі бойынша -151, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесімен-94, құрылыс саласы-19, әлеуметтік көмек сұрағандар-91, жұмыспен қамту мәселесі-57, ауыл шаруашылығы мәселесі-56, қаржы мәселесімен-5, спорт саласы бойынша -8.

         Жыл басынан 23 рет азаматтарды өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдауда 297 азаматтар болды. Осы азаматтардың 91-і жұмыс сұраса, 61-і әлеуметтік көмек бойынша, 57-і тұрғын үй мәселесімен, 88-і ауыл шаруашылығы, жер мәселелермен жүгінді.

         Жеке қабылдау барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                      12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 13-бабының нормалары сақталды. Қабылдауда болған жалпы 297 азаматтардың 71-інің мәселесі толығымен қанағаттандырылса, 226-на қабылдау орнында қолданыстағы заңдарға сәйкес түсіндірілді.