ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Созақ ауданында болды

ImageБүгін  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Өтебаев Сәкен Нуриұлы Созақ ауданына іс- сапармен келді. Сапар барысында индустриялды аймақта болып, «UKO- Star», «Благо – Лизинг», «Дархан Ас» зауытының жұмысымен танысты. Онда жұмыс істеп жатқан жобаларға жоғарғы бағасын берді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастауыш партия ұйымы төрағаларымен жиын өткізді.   Жиында аудан әкімі Салыхан Полатов жүргізді. Сәкен Нуриұлы жиын барысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, хабардар етті. Көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,  дәрігер Бүркіт Арынов шаруаларға берілетін несие ұзақ уақытқа созылмай, қысқа уақытта берілу жолдары қарастырылса деген ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде Мәжілісінің депутаты Өтебаев Сәкен Нуриұлы айтылған ұсыныс пікірлерді тиісті орынға жеткізетінін атап өтті.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.