Жаңалықтар
2018 жылдың 23 желтоқсанында Созақ аудандық полиция бөліміне Созақ аудандық орталық ауруханасынан хабарлама түскен. Хабарламада 23.12.2018 жылы сағат 04:00-де Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №16 үй тұрғыны 27.01.1997 жылы туған Асылбек Талғатұлы Құлатай, 15.09.1996 жылы туған Нұрдәулет Ерболұлы Едіге және 15.08.1997 жылы туған Нұрхан Жүсіпұлы Шөкенов түрлі дене жарақатымен Созақ аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада А.Құлатай дәрігерлік көмек көрсету кезінде жамбас және шат аймағының қан тамырларының кіре кесілген жарақаты салдарынан ауруханада қайтыс болғаны көрсетілген. Осы факт бойынша 23.12.2018 жылы ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары барысында осы қылмысқа күдікті ретінде А.М., Б.М., Р.Ө. және Ә.Б. медициналық куаландырудан өткізіліп, 23.12.2018 жылы Созақ аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына ҚР ҚПК-нің 131 бабының талабына сай енгізіліп, 25.12.2018 жылы бұлтартпау шарасы күзетпен ұстау Созақ аудандық сотымен санкцияланды. Қылмыстық іс бойынша сот медициналық, сот биологиялық, сот психиатриялық, сот наркологиялық сараптамалары тағайындалды.