«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының              23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының                        2-тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Созақ ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын. 

2. Созақ ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы №32 «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3336 тіркелген,                       2015 жылғы 23 қыркүйектегі аудандық «Созақ үні газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы  шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                    Аудан әкімі                                                        С.Полатов

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Созақ  аудандық   сайлау

комиссиясының  төрағасы                                      

____________Ә.Мұсаұлы

«22» қараша 2018 жыл

 

 

 

 

 

 


 


 

Созақ  ауданы  әкімінің

2018 жылғы «22» қарашадағы

28  шешіміне   қосымша

 

 

Созақ ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

 

№ 687 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері- Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекені, Абай көшесі, №14А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Абай елді мекені.

 

№688 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері – Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекені, Балдысу көшесі, №59 ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы : Балдысу елді мекені.

 

№689 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекені, Қарабұлақ көшесі, №21А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қарабұлақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы:  Қарабұлақ елді мекені.

 

№690 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Жеткеншек елді мекені, Жеткеншек көшесі, №8 ғимарат, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты «Жеткеншек» бастауыш мектебінің ескі ғимараты.

Шекарасы: Жеткеншек елді мекені.

 

№691 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы-2 көшесі,   №72 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ұзынбұлақ, Қарасуан, Қызыләскер, Жаманай, Шабыр, Қоянбұлақ, Төбеқұдық мал жайылымдары мен А.Жынысбаев, Н.Төреқұлов, Ү.Тастанов, С.Сиязбеков, Жібек жолы-2, М.Әуезов, С.Әбуов, М.Төлебаев, Т.Сүннетов, Т.Тоқбергенов, Б.Момышұлы, С.Мұханов, Ә.Оспанов, С.Қожанов, Т.Бекұлы, Қ.Рүстемов, Т.Насыров, А.Асқанбеков №8,9,10,11,13,14,15,23 көшелері.

 

№692 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Ә.Молдағұлова көшесі, №59 ғимарат, «Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі.

 

Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ә.Молдағұлова-2, Ш.Бекжанұлы-2 көшелерінің Абылайхан көшесіне дейінгі оңтүстік жақ бөлігі,  Ж.Қаламбаев, А.Спатаев, Жангелдин, Сұлтанбекхан, А.Аманжолов, кіші Балдысу, А.Рахышұлы көшелері және Жамбыл көшесінің батыс бөлігі.

 

№693 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Абылай хан көшесі, №3 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Абылайхан, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Жайшыбеков және Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелерінің Абылайхан көшесінен кейінгі батыс жақ бөлігі, А.Аманжолов, Жамбыл көшесінің шығыс бөлігі, М.Мәметова, Әйтеке би, Ж.Меймандосов, Төле би, Қ.Сатбаев, Ш.Қалдаяқов, Теріскей, Б.Ахметов №20 көшелері, Ш.Оқшиев, Д.Қонаев көшелерінің батыс бөлігі.

 

№694 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі, №73 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мыңжылқы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ж.Ерімбетов, Е.Өмірбеков,  Е.Ембергенов, Ж.Қарғабаев, А.Муканов, С.Төлендіұлы, П.Маханов,  З.Темірбекова, Б.Бәшімұлы, Қ.Әубәкіров, Абай Құнанбаев, С.Тоқпанбетов, Б.Өтешов,  Т.Аймұрзаев, С.Еспенбетов, Қ.Тұрымбеков, А.Мырзалиев, А.Әмзеев, О.Анарбеков, Ә.Зейілбекұлы, А.Иманов, І.Кеңесбаев, Ы.Алтынсарин, Т.Әубәкіров, Жібек жолы-1 көшелері, Ш.Оқшиев, Д.Қонаев көшелерінің шығыс бөлігі, Наурыз, Ақшам  (№18,27,28,29,30,31) мөлтек ауданы.

 

№695 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе елді мекені, С.Сейфуллин көшесі, №20 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің       «Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Жартытөбе елді мекені, Ш.Ақымұлы, А.Иманқұлұлы, Т.Алімқұлов, Шойынбет би, Б.Төлебаев, С.Сейфуллин көшелері және Комсомол, құм өңірі мал жайылымдары.

 

№696 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекені, Қ.Арқабаев көшесі, №27А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Қ.Әлібиев, Қ.Арқабаев, Қ.Кемелұлы көшелері және Аққолтық елді мекені маңайындағы мал жайылымдары.

 

№697 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері- Жартытөбе ауылдық округі, Бабата елді мекені, А.Сайлаубеков көшесі, №7 ғимараты, ауылдық клуб.

Шекарасы: №4 көше, А.Сайлаубекұлы, Б.Есжанұлы көшелері, Таскөмірсай мал жайылымы және Бабата елді мекені маңайындағы жайылымдары.

 

№ 698 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, Қ.Берденұлы көшесі, №14А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасы.

Шекарасы: Құмкент елді мекенінің Абай, Құмкент, К.Берденұлы, Ж.Есіркепұлы, Жамбыл, Жылыбұлақ көшелері және мал жайылымдары.

 

№699 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл елді мекені, Қ.Төлеуұлы көшесі, №2 ғимараты, Қызылкөл  ауылдық клуб.

Шекарасы: Қызылкөл елді мекені.

 

№700 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Қызылқанат елді мекені, Қ.Берденұлы көшесі, №14А ғимараты Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кіре берістегі дәлізі.

Шекарасы: Құмкент елді мекенінің Тасарық, Амангелді, Қызылқанат көшелері.

 

№701 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ елді мекені, Т.Момбеков көшесі, №21 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Қозмолдақ елді мекені, Қ.Тохмұқанбетов, Т.Төреханов, Ж.Дәуітбаев, М.Берістемов, Т.Қойбаев, Т.Момбеков, Қ.Рүстемов, Басбұлақ-1, Басбұлақ-2 көшелері және құм тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

 

№702 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Сызған елді мекені, Мектеп көшесі, №9 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Сызған елді мекені, Е.Алдасүгірұлы, Мектеп, Тастақ, Кәріағаш көшелері және құм тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

 

№703 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Қайнар елді мекені, Ж.Әділбеков көшесі¸ №29 ғимараты,  Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Қайнар елді-мекені, Ж.Әділбеков, Б.Әметшиев, Мектеп-1, Мектеп-2, Қайнар-бұлақ көшелері және Мардан ата аумағы, құм тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

 

№704 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері- Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, С.Мәтенбаев көшесі, №31А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Созақ елді-мекені, Б.Абдраманов, Абай, Қ.Сәтпаев, С.Сейфуллин, О.Жүсіпов, Түркістан,  Жаңа құрылыс №2, С.Мәтенбаев көшелері, Ж.Өткелбаев көшесінің батысы және Рысбек көшесінің солтүстік бөліктері.

 

№705 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері- Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, Ә.Науайы көшесі, №3А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Созақ елді-мекені, Шілменбет би, Ә.Науайы, Қ.Тоқмұхамбетов, Белгібай қажы, С.Насурлаев, М.Мәметова, Суық бұлақ көшелері мен Ж.Өтелбаев көшесінің оңтүстік бөлігі, Рысбек көшесінің оңтүстік шығыс бөліктері және оңтүстік тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

 

№706 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Көктөбе елді мекені, Суындық көшесі, №130 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Суындық жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Көктөбе елді мекені  және оңтүстік батыс тау бөліктеріндегі мал жайылымдары.

 

№707 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Ыбырай елді мекені, Ынтымақ көшесі, №42 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Ыбырай елді-мекені, Ыбырай, Қақпансор елді мекені және мал жайылымдары

 

№708 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, М.Әуезов көшесі, нөмірсіз ғимарат, «№1 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Шекарасы: Созақ елді мекені, Ж.Жабаев, Амангелді, Құрманғазы, М.Әуезов, Б.Әлібаев, Б.Қожамбердиев, Жаңа құрылыс №3 көшелері мен Ж.Өткелбаев көшелерінің солтүстік және шығыс бөлігі мен мал жайылымдары.

 

№709 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері -Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр елді мекені, Үсенбай көшесі, 27 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің « Қарақұр жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы:  Қарақұр елді мекені, Үсенбай, Наурыз, Абай, Құрманғазы, Батырбекова көшелері.

№710 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Раң елді мекені, Раң көшесі, №1А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Раң елді-мекені, Раң  көшесі.

 

№711 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Шаға елді мекені, Шаға көшесі, №20Б ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы:Шаға елді мекені, Шаға көшесі.

 

№712 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Бақырлы елді мекені, Жиенбет батыр көшесі, нөмерсіз үй, ауылдық мәдениет үйі.

Шекарасы:  Бақырлы елді мекені, М.Шериязданұлы, Жиенбет батыр, Қ.Шоланбайұлы, Абай, Б.Стамбекұлы және Т.Тұяқбайұлы көшелері.

 

№713 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе елді мекені, Ақбикеш көшесі, №23 ғимараты, ауылдық клуб.

Шекарасы:  Ақсүмбе елді мекені.

 

№714 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Саржаз елді мекені, 1-көше, №41 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Саржаз негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы:  Саржаз елді мекені.

 

№715 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Б.Достайұлы көшесі, №35 ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Жуантөбе елді мекені, Абылайхан, Ә.Жақсыбаев, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Б.Достайұлы, Ж.Қаламбаев, Қ.Омарұлы.

 

№716 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері- Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Ә.Жақсыбаев көшесі, №31 ғимарат, ауылдық клуб.

Шекарасы: Қоңыратарық елді мекені.

 

№717 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Тасты ауылдық округі, Тасты елді мекені,  Қазақстан көшесі, №14 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Тасты елді мекені, А.Бейсенбаев, Амангелді, Бауыржан, Жамбыл, Қажымұхан, Қазақстан, Сейфуллин, Жібек жолы, Наурыз көшелері.

 

№718 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Тасты ауылдық округі, Қылти елді мекені, нөмірсіз ғимарат, фелшерлік-акушерлік пункті.

Шекарасы:  Қылти елді мекені.

 

№719 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Шу ауылдық округі, Шу елді мекені, А.Иманов көшесі, №13 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Шу елді мекені, (солтүстік жағы) Тәуке хан, Т.Салқауов, Абай, А.Иманов, М.Иманбекұлы, Әйтеке би, Т.Әубәкіров, Наурыз, С.Мұқанов, Б.Серікбаев, Қ.Сәтпаев көшелерінің бөліктері, оңтүстік және шығыс жағы мал жайылымдары, батыс су айдау станциясы.

 

№720 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қыземшек кенті, 2-шағын ауданы, №1А ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Қыземшек кенті, Самал, Таңбалытас, Жетіқоңыр, Көкорай, Шұғыла, Геологтар, Т.Рысқұлов, Жастар, Т.Момбеков, Сарыарқа көшелері, Көкжиек көшесінің батыс бөлігі.

 

№721 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекені, 1 көше, №41 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Т.Момбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы:  Тайқоңыр елді мекені, Ақбикеш, Ақжайқын көшелері, Тұлпар көшесінің оңтүстік бөлігі.

 

№722 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Таукент кенті, 1-ықшам аудан көшесі, №52 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Таукент кенті, №1, №2 ықшам аудандары, Е.Ерімбетов, Геологтар, Қ.Сәтпаев және Мыңжылқы көшелері.

 

№723 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі, №135 ғимараты,  Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: І.Кеңесбаев және Жыныс ата көшелері.

 

№724 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері-Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі, №135 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Ш.Бекжанов, С.Тойшыұлы және Қ.Тоқмұхамедов көшелері.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 23.11.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4807 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - руководитель юридического отдела Тилеубай Тажиметович Жумабаев, 23.11.2018 16:14:11, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - Заместитель руководителя Мухит Бекетович Тургараев, 23.11.2018 17:34:59, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

Аппарат акима Туркестанской области - аким Созакского района Салыхан Сабирович Полатов, 23.11.2018 17:40:06, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі