Аялы алақан

ImageҚоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы «Атамекен» кіші бағдарламасының «Аялы алақан» жобасы аясында «Мыңжылқы» мәдениет сарайының өнерпаздары Құмкент және Қызылкөл ауылдарында қайырымдылық концерт өткізді. Мақсаты аудан көлеміндегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылығын шыңдау, өнер адамдарын қайырымды істер жасауға ынталандыру болып табылады. Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол - қайырымдылық. «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының концертін келген көрермендер жылы қабылдады. Әсем ән тыңдап күйбең тіршіліктен бір сәт демалған тұрғындар ыстық ықыласын зор қошеметпен білдірді.

Image