Созақ ауданында кино апталығының ашылу салтанаты өтті

ImageЕлбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы бойынша Оңтүстікте түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» аудандық мәдениет сарайында өтті.

Шараны Созақ ауданы әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы құттықтау сөзбен ашып беріп, «Оңтүстікфильм» мекемесі және «САҚ» киностудиясының бірқатар қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Шара барысында «САҚ» киностудиясының «Күш атасы - Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт», «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмдері халық назарына ұсынылды.
            Кино көрсетілімдері ауданға қарасты 8 мәдениет үйі және 3 ауылдық клубтарда жалғасын табады.

Image