Ұстаздар ұлықталды

Image«Ұстазы жақсы елдің ұстанымы берік « атты өлке білім беру ісінің ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының ғибратты ғұмырларын, шәкірт оқыту, тәрбиелеу ісіндегі ерең еңбектерін таныту, рухани тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру.
Кешке ардагер – ұстаздар Н.Ыбраев, Т.Батыров, Б. Сиябеков, О.Ашықбаева, Ә.Қаппарова, Қ.Мәулешова, Қ.Даубаева , К.Қонысова құрметті қонақ болып қатысты. Кешке қатысқан ардагерлер құрметіне ән – жырдан шашу шашылды, әдеби шолу жасалды, ұстаздарға сергіту сәті сыйланды. Ардагер ұстаздар шәкірт тәрбиелеудегі күрделі және жауапты, қызықты, тартысты күндері жайлы өнегелі әңгімелер айтты.

Image