Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

ImageМемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген бір топ азаматтардың салтанатты ант қабылдау рәсімін өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Ант беру рәсімінде аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметте алғаш қадамын бастап отырған жас мамандарды құттықтады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, үлкен ізденісті, ынта жігер мен адалдықты талап етеді деген аймақ басшысы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алғаш болып мінбеге шыққан аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Сатыбалдиев Ербол Әубәкірұлы, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынтайқызы Жанерке, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шардарбекова Лаура Бердібекқызы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының бас маманы Аманқұлова Ақсымбат Рақышқызы салтанатты түрде ант қабылдады.

          Айта кету керек, аудан көлемінде мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында түрлі шаралар өткізіліп жатыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.