ImageАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізілді. Жиынды

ауданы әкімі аппаратының басшысы, Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы, Қ.Оразов мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарына жеке-жеке тоқталып, ондағы талаптарды қатаң сақтау керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс екендігін айтып, киімге қойылатын талаптарды сақтау қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің телефонмен сөйлесу әдебін сақтауды, жұмыс уақытын тиімді пайдалануды, бөлім басшыларына мемлекеттік қызметшілеріне осы талаптарды сақтау керектігін әрдайым жеткізіп отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, қандай мәселеде болмасын шешім қабылдау кезінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Семинар соңында, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразов қорытындылап, айтылған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарына жауап берді.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.