Отбасылық спартакиада өтті

ImageБиыл мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына - 20 жыл толып отыр. Атаулы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» спартакиадасы өтті.

            Мемлекеттік қызметшілердің отбасы және олардың балалары арасындағы спартакиадаға бірнеше отбасы қатысып, белсенділік танытты.  Отан отбасыдан басталатынын дәлелдеген мемлекеттік қызметшілер, алаң ортасына шығып жарыс көрігін қыздыра түсті.            Орталық мәдени сауықтыру кешінінде өткен спорттық сайыста ауылдық округтерден 8 отбасы келіп, қатысты. Спорттың қаппен секіру, қасықпен су тасу, допты кедергімен алып жүру, жүрігу, арқан тарту сынды түрлерінен өткен сайыста бас жүлдені Сейсенбаевтар отбасы, екінші орынды Әбілдаевтар, үшінші орынды Үмбетбаевтар отбасы алды. «Жұбаныш» номинациясына Жабагиевтар отбасы иеленді.

            Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы