Халықаралық қарттар күні аталып өтті

ImageБүгін Созақ ауданында халықаралық қарттар күніне арналып мерекелік дастархан жайылды. Бұл мерекеге ауданымыздың соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлер және ауданымыздың дамуына ерекше еңбектері сіңген ата-апаларымыз шақырылды. Аудан әкімі С. Полатов барша жиналған ардагер ата апаларға арнап ізгі тілегін білдірді. «Арқа сүйер ақылшы ағаларымыз болып аман есен жүре беріңіздер. Қарты бар елдің – қазынасы бар. Сіздер біздің тірегімісіздер» деді аудан басшысы. Сондай-ақ, мерекелік дастархан басында жазушы Д. Тұрантегі, дәрігер Б. Арынов сөз сөйлеп алғыстарын білдірді.

  Мерекеге арнап аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып, ілтипат білдірді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.